«ҚТЖ» ҰК» АҚ - «Магистральдық желі дирекциясы» филиалы Ақпараттық технологиялар департаментінің ат жүйелері мен АТ инфрақұрылымын сүйемелдеу секторының менеджері (15 грейд)
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- АТ жүйелері мен АТ инфрақұрылымының жұмыс істеуін сүйемелдеуді орындайды;
- АТ жүйелерінің жұмысы мәселелері бойынша пайдаланушыларға техникалық қолдау, кеңес беру және қызметкерлерге қолдау көрсетеді;
- АТ жүйелерінің жұмысында туындаған инциденттердің себептеріне талдау жүргізуді және олардың алдын алу (жою) жөніндегі шараларды әзірлеуді орындайды;
- Компьютерлік техниканы сатып алу үшін техникалық ерекшеліктерді, баға сараптамасына сұраныстарды әзірлеуді орындайды;
- Компьютерлік техниканы сатып алу бөлігінде Департамент бастамашылық ететін жобаларға одан әрі мониторинг пен түзетулер енгізе отырып, растайтын құжаттардың сапалы пакетін ұсына отырып, ағымдағы, орта мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдерде шығыстар бюджетін және күрделі салымдар жоспарын қалыптастыру үшін тауарларда, жұмыстарда және көрсетілетін қызметтерде өтінімдер жасау жөніндегі жұмысты орындайды;
- Компьютерлік техниканы сатып алу үшін бизнес-жоспарларды әзірлеуді орындайды;
- АТ жүйелерін жақсарту бойынша ұсыныстар жинауды жүзеге асырады;
- АТ жүйелерін (компьютер, жергілікті желі, сервер және т. б.) енгізу үшін АТ инфрақұрылымын дайындауды жүзеге асырады;
- Пайдаланушыларды АТ жүйелерінде жұмыс істеуге оқытуды жүзеге асырады;
- Департамент қызметкерлерін ТҚжЖ АБЖ және басқа да АТ жүйелерінде тіркеуді жүзеге асырады.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі);
- Мамандығы: Автоматтандыру және басқару (автоматика, телемеханика және теміржол көлігіндегі байланыс); Информатика; Ақпараттық жүйелер; ақпараттық қауіпсіздік жүйелері, Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, Математикалық және компьютерлік модельдеу, Радиотехника, электроника және телекоммуникация, Көлік, көлік техникасы және технологиялар; Көлік құрылысы (темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы); Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану; Электр энергетикасы және / немесе теміржол мамандықтары;
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 2 жыл.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
- Ғылым кандидаты
- Ғылым докторы
Ұқсас вакансиялар