"Қазпошта" АҚ "Жалпы қызмет көрсету орталығы" филиалы PR секторы бас менеджері

«Қазпошта» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
48

   Конкурс туралы

Міндеттері:

1) БАҚ және жұртшылықпен коммуникацияның тиімді арналарын құру, облыстық филиалдар мен Қоғамның құрылымдық бөлімшелері арасында ақпараттық өзара іс-қимыл және ішкі ақпарат алмасу
2) Мақалалардың, сұхбаттардың, аналитикалық материалдардың, баяндамалардың, аналитикалық жазбалардың, сөйлейтін сөздердің мәтіндерін жазу, редакциялау және түзету
3) Қоғам қызметін сүйемелдеу үшін ақпараттық және пиар белсенділік іс-шаралар жоспарларын құру және жазу, ішкі және сыртқы аудиториялар үшін сценарий жоспарларын, іс-шаралар сценарийлерін дайындау. Ақпараттық жұмыс жоспарларын, контент-жоспарларды, жарияланым жоспарларын, медиа-жоспарларды әзірлеу
4) Қоғамның жобалары мен іс-шараларын ақпараттық сүйемелдеу
5) ІНҚ әзірлеу және өзектендіру, PR қызметін реттейтін ішкі нормативтік құжаттарды Қоғамның Басқарма/Директорлар кеңесінің қарауына ұсыну
6) Қоғамның қызметтерін ілгерілету үшін ақпараттық материалдарды әзірлеу, коммуникациялардың ішкі және сыртқы арналарын таңдау, Қоғамның филиалдарымен, қызметтерді ілгерілету және сату бойынша сату секторымен өзара іс-қимыл жасау, қызметтерді ілгерілету процесіне тартылған ӨҚКШ мамандарымен, құрылымдық бөлімшелермен жұмыс істеу
7) Оқыту іс-шараларын әзірлеуге қатысу, заңнамада және ІНҚ-да белгіленген есептілікті ұсыну
8) Ішкі және сыртқы коммуникациялар үшін қажетті ақпаратты ұсыну
9) Қоғамның фото-бейне архивін басқару, БАҚ базасын, блогерлер мен инфлюенсерлерді, қоғамдық пікір көшбасшыларын басқару
10) «Самұрық-Қазына» АҚ-ның, мемлекеттік органдардың, Қоғамның хаттамалық тапсырмаларын және ішкі аудит қызметінің ұсынымдарын сапалы уақтылы орындау
11) Мемлекеттік және орыс тілдерінде БАҚ жарияланымдарының архивтерін, баспасөз хабарламаларының базаларын, анонстар мен ақпараттық хабарламаларды басқару
12) Жарнамалық және маркетингтік материалдарды әзірлеуге қатысу
13) Мемлекеттік, мемлекеттік емес және өзге де ұйымдардың жазбаша хат-хабарларын қарау
13) Азаматтардың өтініштерін құзыреті шеңберінде қарау
14) Құзыреті шеңберінде PR және корпоративтік коммуникациялар мәселелері бойынша Қоғамның басшылығы мен құрылымдық бөлімшелерінің ауызша және жазбаша сұрау салуы бойынша мәліметтер, ақпарат және материалдар ұсыну
15) «Documentolog» ЭҚЖ есепке алу арқылы Қоғамның ІНҚ-сінде белгіленген тәртіппен жұмыскерлердің сұрау салулары бойынша ақпарат беру
16) PR мәселелері бойынша Қоғамның ағымдағы міндеттерін шешуде көмек көрсету (БАҚ-пен өзара іс-қимыл жасау, веб-сайтқа және Қоғамның әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарына материалдар дайындау)
17) Бөлімшенің қажеттіліктері үшін қызметтерді сатып алу үшін жеткізушілер үшін техникалық тапсырмаларды, техникалық ерекшеліктерді әзірлеуге қатысу
18) Полиграфиялық және өнеркәсіптік орындаудағы кәдесый/имидждік брендтелген жарнамалық өнімдерді (блокноттар, күнтізбелер, кеңсе керек-жарақтары, сауда-саттық, өзге де өнімдер) әзірлеу және сатып алу

Талаптар:

  • Журналистика/PR және/немесе психология және/немесе маркетинг профилі бойынша жоғары білім.
  • Қоғаммен байланыс және журналистика саласында немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кем дегенде 5 жыл жұмыс тәжірибесі.

Шарттары:

  • Бес күндік жұмыс аптасы екі демалыс күнімен - сенбі және жексенбі, күнделікті жұмыс (жұмыс күні, ауысым) ұзақтығы 8 (сегіз) сағат апта сайын дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін, демалуға және тамақтануға арналған үзіліс сағат 13-00-ден сағат 14-00-ге дейін.
    Астана