Заң департаментінің бас менеджері

«QazaqGaz» ҰК» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 7 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Ішкі іздеу
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
3

Қаралған саны:
281

   Конкурс туралы
Міндеттері:
қадағаланатын бағыттар мен жобалар шеңберінде "QazaqGaz "ҰК" АҚ қызметін құқықтық сүйемелдеу жөніндегі функцияларды орындайды;
"QazaqGaz "ҰК" АҚ іске асыратын жобаларды, оның ішінде үкіметаралық келісімдерді орындау үшін құқықтық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді;
Заң департаментінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заң қорытындыларын, талдау анықтамаларын және басқа да материалдарды дайындайды;
"QazaqGaz "ҰК" АҚ корпоративтік және консультативтік-кеңесші органдары шешімдерінің жобаларына, сондай-ақ бұйрықтардың (өкімдердің) жобаларына талдау жүргізеді және оларды редакциялау жөнінде ұсыныстар енгізеді;
нормативтік құқықтық актілердің жобаларына, сондай-ақ оларға тұжырымдамаларға талдау жүргізеді және құзыреті шегінде олардың мазмұны бойынша ұсыныстар енгізеді;
құзыреті шегінде Заң департаментінің қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың, монополияға қарсы заңнаманың, ішкі бақылау, тәуекелдерді басқару, комплаенс, ақпараттық қауіпсіздік және құпиялылық талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді;
Заң департаментіне, сондай-ақ "QazaqGaz "ҰК" АҚ басшылығына жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
Талаптар:
жоғары заң білімі, мүмкіндігінше магистр дәрежесінің болуы;
кәсіби салада немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде 7 жыл, оның ішінде квазимемлекеттік секторда кемінде 5 жыл
Шарттар:
ҚР КК сәйкес ресімдеу. Сынақ мерзімі - 3 ай. Бес күндік жұмыс аптасы, екі демалыс күнімен - сенбі және жексенбі.