Тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің бағалары маркетингі департаменті директорының орынбасары

«QazaqGaz» ҰК» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
38

Қаралған саны:
372

   Конкурс туралы
Міндеттері:
Департамент директоры тапсырмаларының орындалуын және берілген өкілеттіктер шегінде Департамент қызметін үйлестіруді қамтамасыз етеді, ал Директор уақытша болмаған кезеңде белгіленген тәртіппен оның міндеттерін орындайды
Департамент құзыреті шегінде баға маркетингі мәселелері бойынша ішкі нормативтік құжаттарды, әдіснамалық тәсілдерді, құжаттардың нысандары мен шаблондарын әзірлеуге, келісуге, өзектендіруге және қолдануға қатысады
Тауарлар, жұмыстар мен қызметтер нарықтарына маркетингтік зерттеулер жүргізуді әдіснамалық және талдамалық сүйемелдеуді, сондай-ақ үйлестіруді қамтамасыз етеді.
Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша маркетингтік қорытындылар, талдамалық анықтамалар, шолулар, есептеулер, тұсаукесерлік және өзге де материалдар дайындауды ұйымдастырады
Өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың, монополияға қарсы заңнаманың, ішкі бақылау, тәуекелдерді басқару, комплаенс, ақпараттық қауіпсіздік және құпиялылық талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді
Бюджетті, бизнес-жоспарды, сатып алу жоспарларын қалыптастыру және түзету процестерін талдамалық сүйемелдеуге, сондай-ақ баға маркетингі бөлігінде сатып алудың санатты стратегияларын іске асыруға қатысады
Департамент құзыретіне жататын мәселелер бөлігінде баға маркетингі процестерін жетілдіру, бюджетті, бизнес-жоспарды және сатып алу жоспарларын түзету бойынша ұсыныстар дайындайды және Департамент Директорына енгізеді
Департамент құзыреті шегінде баға маркетингі мәселелері бойынша ішкі нормативтік құжаттарды, әдіснамалық тәсілдерді, құжаттардың нысандары мен шаблондарын әзірлеуге, келісуге, өзектендіруге және қолдануға қатысады
Құрылымдық бөлімшелер ұсынатын материалдарды қарауды, оның ішінде маркетингтік қорытындыны немесе талдамалық қорытындыны дайындау үшін қажетті бөлігінде олардың толықтығын қамтамасыз етеді, ал қажет болған жағдайда оларды пысықтауға бастамашылық жасайды
Берілген өкілеттіктер шегінде Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департаменттің Қоғамның құрылымдық бөлімшелерімен, еншілес және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді
Талаптар:
Менеджмент, экономика, қаржы немесе бизнес әкімшілендіру саласындағы жоғары білім
Жұмыс тәжірибесі:

Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды талдаумен, талдамалық материалдарды дайындаумен, тәуекелдерді бағалаумен және азайтумен, басқарушылық шешімдерді сүйемелдеумен, маркетингтік зерттеулермен және (немесе) баға белгілеумен байланысты бағыттар бойынша кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі.
        Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды талдаумен, тәуекелдерді бағалаумен және азайтумен, талдамалық материалдарды дайындаумен және басқарушылық шешімдерді сүйемелдеумен байланысты бағыттар бойынша қызметкерлердің, жұмыс және (немесе) жобалау топтарының басшылық лауазымдарындағы жұмыс тәжірибесі кемінде 2 жыл
Шарттар:
ҚР КК сәйкес ресімдеу. Сынақ мерзімі - 3 ай. Бес күндік жұмыс аптасы, екі демалыс күнімен - сенбі және жексенбі