«Теміржолсу-Маңғыстау» ЖШС өндірістік-техникалық бөлімінің инженері
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
- Сумен жылумен жабдықтау объектілерінің ғимараттары мен құрылыстарын ағымдағы және күрделі жөндеуге, реконструкциялауға арналған жылдық, тоқсандық жоспарларды, ақау актілерін жасау және әзірлеу;
- негізгі құралдарды есепке алуды және бақылауды жүргізеді, ағымдағы және күрделі жөндеуден кейін сумен жабдықтау және кәріздің техникалық паспорттарына уақтылы өзгерістер енгізеді;
- учаскелердің шеберлерімен, аға машинистермен бірлесіп, ғимараттар мен құрылыстарды, сумен жабдықтау және кәріз объектілерін ағымдағы және күрделі жөндеуге, реконструкциялауға ақау актілерін, ақау ведомостары мен сметаларын жасауға;
- жер учаскелерін бөлу жөніндегі материалдарды ресімдеуді, сумен жабдықтау және кәріз объектілеріне арналған ескі бөліктерді жаңартуды жүргізеді;
- сумен жабдықтаудың және кәріздің жаңа объектілерін жобалау үшін бастапқы деректерді жинауды жүргізеді;
- жобалау-сметалық құжаттама негізінде күрделі жөндеу және құрылыс объектілері үшін материалдар мен жабдықтарға өтінімдер жасайды;
- он күн сайын күрделі жөндеудің әрбір учаскесі бойынша жоспарлардың орындалуын және сумен жабдықтау және кәріз құрылғыларын ұстауды жақсартуды бақылайды;
- құрылысты күрделі жөндеудің орындалуы, сумен жабдықтау және кәріз құрылғыларын жақсарту және күтіп ұстау жөніндегі жылдық жоспарлар мен іс-шаралардың ай сайынғы есептерін жасайды.
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
- Су ресурстары және суды пайдалану саласындағы мамандығы; Жылу энергетикасы, Көлік, көлік техникасы және технологиялары (Вагондар, Локомотивтер және электр жылжымалы құрам); Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (темір жол көлігі); Электротехника; Электр энергетикасы; Стандарттау, метрология және сертификаттау; Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау; Құрылыс (Темір жол құрылысы; жол және жол шаруашылығы); Өнеркәсіптік-азаматтық құрылыс; Машина жасау (Технологиялық машиналар мен жабдықтар) Инженерлік жүйелер; Экология; Жылу энергетикасы; Көлік, көлік техникасы және технологиясы
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша 1 жылдан кем болмауы тиіс
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр