"Әскерилендірілген темір жол күзеті" ЖШС Қостанай станциясындағы атқыштар командасының күзетшісі (жүргізушісі)

от 231 371
Костанайский филиал ТОО «Военизированная железнодорожная охрана» Қостанай облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Ауысым кестесі
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
70

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  1. Автокөлікті жол қозғалысы ережелерін толық сақтай отырып, бірқалыпты, сабырлы және сақ жүргізу. Тоқтау, қозғалу және бұрылу әрекеттерін алдын ала белгі беріп, жайлап әрі біркелкі орындау. Қозғалыс жылдамдығын дұрыс таңдап, қиылыстарда күрт үдеуге немесе тежелуге жол бермеу және апатты жағдай туғызбау. Алдыңғы көлікпен қауіпсіз арақашықтық сақтау;
  2. Автокөлікті қараусыз қалдырмау;
  3. Тек өзіне сөз айтылған кезде ғана сөйлесу;
  4. Көлік жүргізу кезінде алаңдамау (жүріс барысында тамақ ішуге, сусын ішуге, қандай да бір заттарды іздеуге немесе қозғалысты бақылаудан алаңдататын әрекеттерге тыйым салынады);
  5. Автокөліктің нұсқаулығын оқып, техникалық қызмет көрсету талаптарын уақытылы орындау.

Біліктілік талаптары:

орта ( мамандандырылған оқу орталығында бастапқы дайындықтың арнайы курсын бітіргені туралы сертификат болуы міндетті

тәжірибе талап етілмейді

Қажетті білім дәрежесі

  • Орташа білім