Лауазымдық жауапкершілік:
Лауазымдық нұсқаулықта және еңбек шартында көзделген функционалдық міндеттерді тиісінше орындау, оның ішінде ішкі нормативтік құжаттарда және ҚР заңнамасында айқындалған шектерде кәсіби және іскерлік этиканы сақтау;
• Ақпаратты дұрыс және уақтылы ұсыну;
• Тиісті деңгейдегі басшыны құрылымдық бөлімшенің әлеуетті немесе анықталған тәуекелдері (операциялық проблемалар, рәсімдердің бұзылуы немесе теріс пайдаланулар) туралы уақтылы хабардар ету;
• Еңбек және орындаушылық тәртіпті сақтау;
• Қазақстан Республикасы заңнамасының және Серіктестіктің ішкі нормативтік құжаттарының талаптарын сақтау;
• Қызметтік құжаттаманың сақталуын қамтамасыз ету және ақпараттың құпиялылығы туралы талаптарды сақтау;
• Өндірістік қауіпсіздік және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау;
• Қолданыстағы еңбек және азаматтық заңнамада белгіленген шектерде материалдық залал келтіргені үшін жауапкершілік алу.Білім:
Орта (жалпы орта, техникалық және кәсіптік)Дағдылар:
• өндірістік-техникалық оқыту мектептерінің бағдарламасы шегінде химия, физика негіздері;
• иондаушы сәулеленудің қасиеттері және олардың ортамен өзара іс-қимылы, сондай-ақ радиоактивті сәулеленудің адам организміне әсері;
• технологиялық регламент, өндірістік қуаттар, шығарылатын өнімнің номенклатурасы және орындалатын жұмыстардың түрлері, қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылғысы, техникалық сипаттамалары, құрылымдық ерекшеліктері, процестің аппаратуралық-технологиялық схемасы, бақылау-өлшеу аспаптары, автоматика және сигнализация құралдары, технологиялық операциялардың химиялық реакциялары, режимдік карталар, сызбаларды оқу ережелері;
• технологиялық процестердің нормалардан ауытқуына әсер ететін факторлар;
• технологиялық процеске ортаның сутегі көрсеткішінің мәні мен әсері;
• металдарды барынша шығаруды қамтамасыз ететін процестерді жүргізу әдістері;
• шикізат пен материалдардың, қолданылатын құрылғылардың өндірістік шығындарының алдын алу және қысқарту тәсілдері, қызмет көрсетілетін жабдықта бекіту арматурасының мақсаты мен орналасуы;
• реагенттердің шығын нормалары;
• реагенттердің, шығарылатын өнімдердің құрамы мен сапасына қойылатын талаптар, сондай-ақ олармен қауіпсіз жұмыс істеу тәсілдері;
• шикізат пен материалдардың сорттары мен маркалары;
• жүк көтергіш механизмдермен жұмыс істеу кезінде қауіпсіз пайдалану ережелері;
• қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды пайдалану қағидалары, өндірістік қалдықтарды сұрыптау қағидаттары.
Дағдылар:
• жүк көтергіш механизмдерді қауіпсіз пайдалану;
• қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды пайдалану;
• технологиялық сынамаларды қолмен іріктеу;
• қолданылатын шикізат пен материалдарды қабылдау және жинау, жүктерді ілмектеу;
• дезактивациялайтын ерітінділерді және қажетті концентрациядағы реагенттердің ерітінділерін дайындауҚосымша:
Міндетті:
• техникалық ғылымдарды білу, техникалық ойлау, аналитикалық қабілеттер.
• қазақ немесе орыс тілдерін еркін меңгеру.
• белгіленген нормалар шегінде химиялық реагенттердің шығынын қайта есептеуді және уақтылы реттеуді жүргізу;
• ОДП-дағы бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша параметрлерді реттеу;
• жұмыстарды жоспарлау және ұйымдастыруБілетін тілдер:
қазақ немесе орыс тілдерін еркін меңгеру.