Өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі Инженер

«Қызылқұм» ЖШС Қызылорда қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
4

Қаралған саны:
48

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

Кәсіпорында еңбекті қорғауды басқару жүйесінің жұмыс істеуін және енгізілуін ұйымдастыру; Өнеркәсіптік және радиациялық қауіпсіздік талаптарының сақталуына ішкі бақылау жүргізу; Еңбек жағдайларының мониторингі, өндірістік бақылау деректеріне талдау жүргізу; Кәсіптік тәуекелдерді бағалау және оларды төмендету жөніндегі шараларды әзірлеуге қатысу; Еңбекті қорғау жөніндегі қызметкерлерге нұсқамалардың, оқытудың және білімдерін тексерудің уақтылы жүргізілуін бақылау; Еңбек жағдайларын жақсарту және өндірістік жарақаттануды азайту бойынша есептілікті, талдамалық материалдар мен ұсыныстар дайындау; Жазатайым оқиғаларды тергеуге қатысу, себептерін талдау және олардың алдын алу бойынша ұсыныстар дайындау; Бақылаушы органдармен өзара іс-қимыл жасау, қауіпсіздік мәселелері бойынша қажетті ақпарат беру; Жұмыс орындары мен жабдықтардың жай-күйіне профилактикалық тексерулер жүргізу; Өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі жергілікті нормативтік құжаттарды әзірлеу және өзектендіру; Қызметтік ақпараттың құпиялылығын және корпоративтік этиканы сақтауды қамтамасыз ету.

Білім:

Жоғары (техникалық немесе инженерлік-технологиялық)

Дағдылар:

Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы заңнамасы және өзге де нормативтік-құқықтық актілері Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі Экология, өнеркәсіптік және радиациялық қауіпсіздік саласындағы серіктестіктің қаулылары, өкімдері, ішкі нормативтік құжаттары Кәсіптік тәуекелдерді бағалау әдістері, өндірістік бақылауды жүргізу тәртібі Еңбекті қорғауды басқару жүйесінің негіздері (АҚҚ) Еңбекті қорғау, өнеркәсіптік, өрт және радиациялық қауіпсіздік, өндірістік санитария ережелері мен нормалары.

Қосымша:

Жазатайым оқиғалардың және еңбекті қорғау талаптарын бұзушылықтардың болмауы Нұсқамалар мен оқытуды уақтылы өткізу — 100% Тексеру және өндірістік бақылау жоспарларын орындау-кемінде 95% Есептілікті уақтылы дайындау және ұсыну — мерзімдерді бұзбай Өндірістік жарақаттану деңгейін және тексеру нәтижелері бойынша сәйкессіздіктер санын азайту Еңбек жағдайларын жақсарту бойынша енгізілген іс-шаралардың тиімділігі-кемінде 80%

Білетін тілдер:

Қазақша, орысша