өндіріс жөніндегі бөлімнің СЦБ электромеханигі

от 380 355
ТОО «KTZ-Khorgos Gateway» Пиджім а.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
45

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Ауысым басталғанға дейін СЦБ (БЖА) электромеханигі нұсқаулықтар журналына міндетті түрде тіркеле (қол қоя) отырып, планерлік кеңесте мақсатты нұсқаулықтан өтуге, алдағы жұмыс жоспарын, сондай-ақ басшылықтың өндірістік қызметке, СЦБ құрылғыларының сенімді жұмысын қамтамасыз етуге, еңбекті қорғау және пойыз қозғалысының қауіпсіздігі талаптарын сақтауға қатысты нұсқаулары мен өкімдерін алуға міндетті;
  • Кезекшілікке кіріскен кезде СЦБ электромеханигі кезекшілікті белгіленген тәртіппен қабылдауға, журналдағы жазбалармен, станциядағы жедел жағдаймен, бақылауда тұрған СЦБ құрылғыларының ақауларымен, сондай-ақ орындалып жатқан және жоспарланған жұмыстармен танысуға міндетті. Техникалық құжаттаманың, схемалардың, қарап-тексеру және ақауларды есепке алу журналдарының болуын, жиынтықтылығын және жарамды күйін тексереді. Бекітілген СЦБ құрылғыларының, байланыс құралдарының, өлшеу құралдары мен түгендеменің (инвентарьдың) жарамды күйіне көз жеткізеді, сигналдық керек-жарақтардың болуын және жарамдылығын тексереді. Жұмыс орнында еңбекті қорғау, өрт және электр қауіпсіздігі талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді;
  • СЦБ құрылғыларына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын қызмет көрсету технологиясында және техникалық нұсқаулықтарда көзделген талаптарға сәйкес орындау;
  • Бекітілген учаскедегі СЦБ құрылғыларының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету;
  • СЦБ электромеханигіне жөндеу жұмыстарын жалғыз өзі орындауға тыйым салынады. Барлық жұмыстар СЦБ аға электромеханигінің қатысуымен жүргізілуі тиіс;
  • Кезекшілікке кіріскен кезде СЦБ электромеханигі: өзінің жауапкершілік аймағындағы бұрмалы бұрамалардың, бағдаршамдардың, рельс тізбектерінің және басқа да СЦБ құрылғыларының жай-күйін нақтылауға, сондай-ақ олардың жарамдылығына және пайдалануға дайындығына көз жеткізуге міндетті.
  • СЦБ электромеханигі кезекшілікке кіріскені туралы және анықталған барлық ескертулер мен ақаулар туралы СЦБ аға электромеханигіне немесе ДСП-ға (станция бойынша кезекшіге) баяндауға, сондай-ақ бұл мәліметтерді ДУ-46 журналына тіркеуге міндетті.
  • Өзімен бірге еңбекті қорғау бойынша куәліктері, өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша куәлігі, сигналдық жилеті, тәуліктің қараңғы уақытында қол фонары болуы тиіс;
  • Пойыз қозғалысының қауіпсіздігі талаптарын, еңбекті қорғау жөніндегі қағидалар мен нұсқаулықтарды, өрт қауіпсіздігін, санитарлық қағидалар мен нормаларды сақтай отырып, СЦБ құрылғыларына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын жүргізу;
  • Штаттық өлшеу құралдарын немесе ШЧ АЖО (АРМ) мүмкіндіктерін, техникалық диагностикалау және мониторинг жүйесін, микропроцессорлық орталықтандыру жүйелерін пайдалана отырып, СЦБ құрылғыларының параметрлерін өлшеу;
  • Қызмет көрсетілетін құрылғылардың техникалық құжаттамасын тәртіппен және тізімдемеге сәйкес ұстау;
  • СЦБ электромеханигі қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес белгіленген мерзімділікте СЦБ құрылғыларын, сондай-ақ жол үсті құрылғыларын тексеруді жүзеге асырады;
  • Қарап-тексерулер мен тексерістер барысында анықталған СЦБ құрылғылары жұмысындағы кемшіліктерді дер кезінде анықтауды және жоюды қамтамасыз етеді;
  • СЦБ құрылғыларын қысқы және жазғы маусымдарда пайдалануға дайындауға қатысады, олардың техникалық жай-күйін бақылайды және әртүрлі климаттық жағдайларда пайдалану кезеңінде сенімді жұмысын қамтамасыз етеді;
  • Белгіленген техникалық құжаттаманы жүргізу, ДУ-46 журналына және басқа да есепке алу журналдарына жазбаларды рәсімдеу;
  • Құрал-саймандардың, өлшеу құралдары мен материалдардың сақталуын қамтамасыз ету;
  • СЦБ құрылғыларын, теміржол жолдарын, терминалдағы бұрмалы бұрамалар мен бағдаршамдарды комиссиялық қарап-тексеруге қатысу, сондай-ақ теміржол станцияларындағы техникалық құралдарды тексеру;
  • Белгіленген мерзімдер мен мерзімділікке сәйкес СЦБ аспаптарын дер кезінде ауыстыруды жүзеге асырады;
  • СЦБ құрылғыларының жай-күйін, жұмыстарды орындау қағидалары мен мерзімдерінің сақталуын тексеру, нәтижелерді журналдарға тіркеп отыру;
  • СЦБ құрылғылары жұмысының бұзылу себептеріне ай сайын талдау жасау, СЦБ аға электромеханигімен бірлесіп нәтижелерді анықтама түрінде рәсімдеу;
  • СЦБ құрылғыларының қайталанбалы істен шығуын болдырмау және олардың сенімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру;
  • Ауысым ішінде СЦБ құрылғыларын жөндеу жұмыстарын орындау кезінде еңбекті қорғау талаптары мен жеке қауіпсіздік техникасын сақтау;
  • Өз бетінше білім алу және кестеге сәйкес техникалық сабақтарға қатысу арқылы кәсіби білім деңгейін үнемі арттырып отыруға міндетті;
  • Ауысымдық кезекшілік аяқталғаннан кейін СЦБ электромеханигі жұмыс орнын тиісті күйге келтіруге және барлық нормативтік-техникалық құжаттаманы ретке келтіруге міндетті;
  • KTZ HSE мобильді қосымшасындағы (корпоративтік хабарламалар бөлімінде) келіп түскен «Найзағайлармен» (Молния) және «Бюллетеньдермен» — Еншілес ұйымдарда (ЕҰ) орын алған өндірістік жарақаттану жағдайларымен танысу.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Колледж