Бас менеджер (17 грейд) қозғалыс қауіпсіздігі департаментінің ішкі қозғалыс қауіпсіздігін бақылау

Жалақы көрсетілмеген
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 4 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
12

Қаралған саны:
75

   Конкурс туралы
Лауазымдық міндеттері:
  • Жетекшілік ететін шаруашылықтарда жол берілген қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылуына олардың себептерін, салдарын, қауіптері мен тәуекелдерін, қатысы бар қызметкерлердің кінәсінің дәрежесін, сондай-ақ қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылуын дұрыс жіктеу мен есепке алуды анықтай отырып, жедел тергеп-тексерулер жүргізеді;
  • жол шаруашылығында, сигнал беру және байланыс, электрмен жабдықтау шаруашылықтарында қозғалыс қауіпсіздігінің жай-күйіне мониторинг жүргізу бойынша жұмыстар жүргізеді;
  • қозғалыс қауіпсіздігі және профилактикалық жұмысты ұйымдастыру, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы ішкі және сыртқы құжаттамалардың талаптарын орындау мәселелері бойынша тексерулер (ревизиялар) жүргізеді, анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі түзету іс-шаралары жоспарларының іске асырылуына кейіннен мониторинг жүргізе отырып, олардың нәтижелерін ресімдейді;
  • жетекшілік ететін шаруашылық кәсіпорындары басшыларының қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша атқарылған жұмыстар және оны жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы мерзімді тыңдауларына материалдар дайындау бойынша жұмыс жүргізеді;
  • компанияның құжаттамасын уақтылы өзектендіру мақсатында тасымалдау процесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде ҚР НҚА-да, компанияның жергілікті актілерінде ұсыныстар дайындау бойынша жұмыстар жүргізеді;
  • жетекшілік ететін шаруашылықтардың басшыларын тыңдау қорытындысы бойынша қозғалыс қауіпсіздігін басқару жүйесін жақсарту жөнінде ұсыныстар дайындау бойынша жұмыстар жүргізеді.
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары. 
  • Мамандығы: Көлік, көлік техникасы және технологиялары (локомотивтер, вагондар, локомотивтер-вагон жасау, көтеру-көлік, құрылыс, жол машиналары мен жабдықтары); Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (темір жол көлігі); құрылыс (темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы); көлік құрылысы; Автоматтандыру және басқару (Темір жол көлігі мен метрополитендегі Автоматика, телемеханика және байланыс); Электр энергетикасы (темір жол монтерлерін электрмен жабдықтау).
  • Жұмыс тәжірибесі: теміржол көлігі ұйымдарындағы тиісті шаруашылықтың бейіні бойынша кемінде 4 жыл.
Қосымша талаптар:

Мыналарды: қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі тасымалдау процесіне қатысушылардың ағымдағы қызметінің Қазақстан Республикасы заңнамасының және компанияның жергілікті актілерінің талаптарына сәйкестігін бағалай білуге, себептерін анықтай отырып, қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылуын объективті түрде тексере білуге тиіс. Қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп төндіретін қауіптер мен тәуекелдерді анықтау және талдау, қозғалыс қауіпсіздігін бұзудан болатын ықтимал зиянды азайту үшін басқару шешімдерін қабылдау.

Қажетті қабілеттер

  • навыки аналитической обработки данных; • коммуникационные навыки;
  • *Планирование и организация
  • - умение оперативно принимать решение в сложных ситуациях
  • Сбор первичный информаций для расследование при инцидентов
  • Документирование результатов проверок, аудитов, расследований

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Бастапқы)