Лауазымдық жауапкершілік:
‒ Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және комплаенс саласындағы заңнамасына, сондай-ақ сот практикасына тұрақты мониторинг және талдау жүргізу.‒ Тапсырыс берушінің комплаенс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы ішкі саясаттарын, рәсімдері мен регламенттерін әзірлеу, енгізу және өзектендіру.‒ Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау және мониторинг жүргізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесін жоспарлау.‒ Тапсырыс беруші жұмыскерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын, оның ішінде шектеулер мен қаржылық бақылау шараларын сақтауын қамтамасыз ету.‒ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу және сүйемелдеу, оның орындалуын бақылау.‒ Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі және сыртқы талдау жүргізуге қатысу.‒ Контрагенттерге комплаенс-тексерулер жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету.‒ Қаржылық және қаржылық емес шығындар тәуекелдерін қоса алғанда, комплаенс-тәуекелдерді анықтау, бағалау және құжаттау.‒ Анықталған комплаенс-тәуекелдерді азайту бойынша шараларды әзірлеу және іске асыру.‒ Тапсырыс берушінің жұмыскерлеріне комплаенс және іскерлік этика мәселелері бойынша консультация беру.‒ Құзыреті шегінде комплаенс мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау.‒ Тапсырыс берушінің жұмыскерлері үшін, сондай-ақ қажет болған жағдайда контрагенттер үшін түсіндіру іс-шараларын/оқытуларды өткізу.‒ Тапсырыс берушінің құрылымдық бөлімшелерінен комплаенс мәселелері бойынша ақпарат жинау және талдау жүргізу.‒ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы және комплаенс-шаралардың тиімділігін бағалау.‒ Сыйлықтар, өкілдік шығыстар және іскерлік этика бөлігіндегі саясаттың сақталуын бақылау.‒ Оқыту, коммуникациялар жүргізу, консультация беру және комплаенс мәдениетін қалыптастыру.‒ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы іс-шараларды өткізу: комплаенс бағдарламасы/Товариществоның комплаенс функциясының жоспары.‒ Адалдық және этикалық мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдесу.‒ Тапсырыс беруші үшін комплаенс бағыты бойынша есептілікті дайындауды қамтамасыз ету.‒ Тапсырыс беруші ақпаратының құпиялылығы мен қорғалу талаптарын сақтау.‒ Аутстаффинг шартымен көзделген комплаенс құзыреті шеңберіндегі өзге де тапсырмаларды орындау.Білім:
‒ Бейінді салаларда жоғары кәсіптік білімінің болуы: құқықтану, экономика және қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, экономикалық қауіпсіздік;‒ Комплаенс, сыбайлас жемқорлыққа, терроризмге және ақшаны жылыстатуға қарсы іс-қимыл саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын және халықаралық заңнаманы білу;‒ «Самұрық-Қазына» АҚ сатып алуды жүзеге асыру тәртібін білу;‒ Мемлекеттік және орыс тілдерін еркін меңгеру.Дағдылар:
‒ Ағылшын тілін еркін меңгеру.‒ Бизнес-функциямен сабақтас салалардағы салалық заңнаманы білу.‒ Халықаралық тәжірибелер мен стандарттарды, сондай-ақ реттеушілік комплаенс саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, ақшаны жылыстату мен терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл, халықаралық санкциялар және қолданылатын санкциялық шектеулер мәселелері бойынша заңнаманы білу.Қосымша:
-Білетін тілдер:
Қазақ тілінде еркін сөйлейді;Орысша еркін сөйлейді