Лауазымдық жауапкершілік:
• Дайын өнім үлгілеріне, технологиялық ерітінділер мен шайырларға физика-химиялық әдістермен және атомдық-абсорбциялық спектрометрия әдісімен сынақ жүргізу;
• Масс-спектрометрия, атомдық-абсорбциялық спектрометрия әдістерімен және физика-химиялық әдістермен дайын өнім мен су объектілеріне сынақтар жүргізу;
• Ағынды суларды тазарту сапасын операциялық бақылау шеңберінде жұмыстар жүргізу;
• Кен материалына зертханалық сынақтар жүргізу;
• Химиялық заттарды, оның ішінде прекурсорлық заттарды дайындау және олармен жұмыс істеу;
• Зертхана тәжірибесіне жаңа сынақ әдістерін енгізуге қатысу;
• Күрделі жабдықты сынақ жүргізуге дайындау;
• Нақты концентрациялы реактивтерді, титрленген ерітінділер мен стандартты қоспаларды дайындау;
• Зертхананың ішкі құжаттарына сәйкес талдау нәтижелерін ресімдеу;
• Зертханалық аспаптардың жағдайы мен жұмысын бақылау;
• Зертхана бөлмесінде тазалық пен тәртіпті сақтау;
• Радиоактивті заттарды есепке алу және бақылау бөлігінде технологиялық процестің әртүрлі өнімдеріндегі уранның құрамы туралы дұрыс нәтижелер алу үшін тиісті сападағы сынақтарды орындау;
• Сынақ зертханасының құзыреттілігіне қойылатын МЕМСТ ISO/IEC 17025-2019 Сынақ және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар стандарт талаптарын орындау, оның ішінде:
• Сынақ нәтижелерінің нақтылығы мен негізділігін қамтамасыз ету;
• Сапа саласындағы саясатты сақтау және сапа жөніндегі нұсқаулықта белгіленген рәсімдерді орындау;
• Құпиялылықты сақтау және құжаттарды көшіру мен тарату бойынша рұқсат етілмеген іс-қимылдар жасамау;
• Серіктестіктің іскерлік этика саясатының ережелеріне сәйкес бейтарап мінез-құлық (REG-COM-05);
• Тікелей бастығы, Бас директордың, және қажетінше жедел, өндірістік, өзге кеңестердің және Серіктестіктің басқа басшыларының жеке тапсырмалары мен қойылған міндеттерін өз уақытында орындау;
• Өз құзыреті аясында жеке басының жұмыс беруші актілерін, саясаттар, ережелер, нұсқаулықтар және жұмыскердің еңбек қызметіне қатысты Серіктестіктің басқа құжаттарын орындауын қамтамасыз ету;
• Еңбек, ұжымдық шарттар, осы лауазымдық нұсқаулық, жұмыс беруші актілері және де Серіктестіктің өзге бақыланатын құжаттарына сәйкес қойылған мақсаттарды, еңбек міндеттерін адал, уақтылы және сапалы орындау (тиісті көлемде және мерзімінде орындау мүмкіндігі болмаған жағдайда, немесе сұрақтар туындаған жағдайда жұмыскер тікелей бастығына хабарлауы тиіс және қажет болса, міндеттердің, тапсырмалардың және т.б. орындау мерзімін создыруға тиіс);
• Еңбек шартын бұзу/тоқтату барысында Серіктестікке тиесілі құжаттар, материалдар және т.б. меншікті еңбек шарты талаптарына сәйкес және бекітілген тәртіпте тапсыру (қажет болған жағдайда);
• Демалысқа шықпас бұрын, вахтааралық демалысқа, жұмыс берушімен еңбек қатынастары тоқтатылғанға дейін және т. б., орындаудағы істерді және/немесе материалдарды QMS 00-00-01 нысаны бойынша ауысымшы қызметкерге немесе ауысымшыны алмастыратын қызметкерге не тікелей басшыға беру;
• Қолданыстағы шарттар талаптарының орындалуын қамтамасыз етуді тиісті бақылау (бар болса);
• Серіктестіктің Бас директорына және/немесе Бақылау және қадағалау жөніндегі офицеріне және/немесе «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ң «Жедел желісіне» дайындалып жатқан, жасалып жатқан немесе жасалған сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылық туралы кез келген ақпаратты хабарлау.
• Тікелей басшыға 6-шы разрядты химиялық және спектрлік талдау жүргізуші зертханашының лауазымды міндеттеріне теріс әсер етуі мүмкін барлық ықтимал тәуекел оқиғалары туралы хабарлау.Білім:
Техникалық ғылымдар мен технологияларды, жаратылыстану ғылымдарын даярлау бағыты бойынша жоғары білім (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі); не техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта), орта білімнен кейінгі білім.Дағдылар:
• Қазақстан Республикасының орындалатын жұмыс мәселелері бойынша заңнамасы, нормативтік құқықтық актілері;
• Орындалатын жұмыстың тиісті мәселелеріне қатысты әдістемелік материалдар;
• Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының негіздері;
• Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау қағидаларының негіздері;
• Қауіпсіздік техникасының және еңбекті қорғаудың, өндірістік санитарияның және өрттен қорғаудың ережелері мен нормалары;
• Азаматтық қорғаныс, өндірістік және радиациялық қауіпсіздік салаларындағы ережелері мен нормалары;
• Талдаудың физика-химиялық әдістерінің іргелі негіздері;
• Заманауи аналитикалық жабдықтар мен аспаптардың жұмыс істеу принциптері;
• Өндіріс ерекшелігіне сәйкес зертханалық зерттеулер жүргізу жөніндегі әдістемелер, техникалық шарттар, стандарттар, ережелер, нұсқаулықтар және басқа да басшылық материалдар.Қосымша:
• Пайдаланушы деңгейінде дербес компьютерде жұмыс істеу дағдылары;
• Жалпы мақсаттағы зертханалық аспаптарды (рН-метр, фотоколориметр, титратор), спектрлік талдау аспаптарын (атомдық-абсорбциялық спектрометр, рентген-флуоресцентті спектрометр, масс-спектрометр) пайдалану бойынша жұмыс тәжірибесі.Білетін тілдер:
-