Тиеу-түсіру кешені Стивидорлық тобының аға стивидоры
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
ауысым жұмысына жетекшілік етеді: алдағы жұмыстардың сипаты мен көлеміне сәйкес, өндіріс технологиясы, қауіпсіз жұмыс тәсілдері мен әдістері бойынша ПРК стивидорларына тапсырмалар беріп, жұмыс учаскелері бойынша жұмыстарды бөлу арқылы ұйымдастырады; өндірістік алаңдар мен айлақтағы тиеу-түсіру жұмыстарын, кемелерді, теміржол жылжымалы құрамын, автокөлік пен басқа да көлік құралдарын өңдеу бойынша қосалқы операцияларды басқарады және ауысымдық-тәуліктік жоспарға және басқа да нормативтік құжаттарға сәйкес олардың өңделу мерзімдерін өз ауысымында бақылайды, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, жұмыс жүргізу технологиясы мен нормалары, жұмыстарды ұйымдастыру жоспарлары немесе уақытша технологиялық нұсқаулықтар талаптарын сақтай отырып; бақылау арқылы тиеу-түсіру техникасымен жүктердің қауіпсіз орын ауыстыруын қамтамасыз етеді; жұмыс технологиялық карталарына, уақытша технологиялық нұсқаулықтарға немесе жұмыстарды ұйымдастыру жоспарларына сәйкес технологиялық жарақтардың (жүк қармау құрылғыларының, құралдардың, саймандардың, мүкәммалдың, жүк ыдыстарының, тұғырлардың және жүк орындарын ірілендіру құралдарының) дұрыс таңдалуын және қажетті қауіпсіздік шараларының орындалуын бақылайды; өндірістік алаңдар мен айлақтағы тиеу-түсіру жұмыстарының барысын, жүктердің ашық және жабық қойма алаңдарында бекітілген РТК-ға сәйкес орналастырылуын бақылайды; теміржол жылжымалы құрамын тиеу/түсіру, кемелер мен автокөліктерді тиеу/түсіру учаскелері бойынша орналастыруды жүзеге асырады.Біліктілік талаптары:
Білімі:
-
жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) техникалық білім (көлік, көлік технологиялары, логистика).
Мамандығы:
-
тасымалдауды ұйымдастыру, қозғалыс және көлікті пайдалану; порттар мен көлік терминалдарының тиеу-түсіру жабдықтарын пайдалану.
Жұмыс тәжірибесі:
-
тиеу-түсіру жұмыстарында кемінде 5 жыл жұмыс өтілі.
Қосымша талаптар:
Құзыреттері:
-
теңіз арқылы жүк тасымалдаудың жалпы және арнайы қауіпсіздік ережелері; портта көлік құралдарын өңдеу қағидалары; құрғақ жүк кемелерін, вагондарды және автокөліктерді өңдеу нормалары мен нормативтері; жұмыс технологиялық карталары; тиеп-түсіру бойынша уақытша технологиялық нұсқаулықтар; қоймаларды, сепарациялық және бекіту материалдарын дайындау шаралары.
Дағдылары:
-
алдағы ауысымға стивидорларға, бригадирлерге және докер-механизаторларға тапсырмалар беру; қажетті мүкәммалды, технологиялық жарақты, сепарациялық және бекіту материалдарын анықтау; технологиялық құжаттамаға сәйкес тиеу-түсіру техникасын ескере отырып, докер-механизаторларды жұмыс учаскелері бойынша бөлу; келісілген карго-жоспарға сәйкес жүктерді кемеде орналастыруды ұйымдастыру; жұмыс орнын, технологиялық жарақтар мен мүкәммалды жинастыруды ұйымдастыру; ауысым бойынша наряд-тапсырманы толтыру; жүк және қосалқы жұмыстар аяқталғаннан кейін трюмдерді тазалау мен жұмыс орындарын жинастыруға басшылық жасау.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Магистр