Бухгалтерияның материалдық есептеу секторының 2 санатты бухгалтері (негізгі қызметкер болмаған кезеңге)

«Oil Services Company» ЖШС Ақтау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
13

Қаралған саны:
254

   Конкурс туралы

Қажетті біліктілік:

Білімі: Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіби) білім.

Мамандық/кәсіп бойынша тәжірибе: Мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 3 жыл. 

 Сертификаттардың болуына қойылатын талаптар: ҚР Кәсіби бухгалтерінің сертификаты.

Міндеттерді орындау үшін қажетті білім: еңбек заңнаманы, бухгалтерлік есеп саласындағы заңнаманы және нормативтік-құқықтық актілерді білу.

Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:

келіссөздер жүргізу;
кеңсе компьютерлік бағдарламаларын: 1С: Кәсіпорын, Excel және т. б., байланыс және байланыс құралдары пайдалану;
ақпаратты жинау және талдау, құжаттарды, қорытындыларды, есептерді дайындау;
ауызша және жазбаша байланыс;
өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастыру;
жауапкершілік;
орындаушылық;
командада жұмыс істей білу.

Осы лауазымдағы функционалдық міндеттері:

  1. есеп жүйесінде дебиторлық және кредиторлық берешекті (қызметтер бойынша) есепке алуды және бақылауды жүргізеді;
  2. шот-фактуралар мен орындалған жұмыстар/қызметтер актілерін жазып беруді және олардың дұрыс рәсімделуін бақылайды;
  3. 1С бағдарламасында дебиторлық және кредиторлық берешекті (қызметтер бойынша) теңестіруді ұйымдастырады;
  4. Серіктестіктің ИСМ құжаттамасы талаптарының сақталуын ұйымдастырады;
  5. қызметтер бойынша жеткізушілермен есеп айырысуларды есепке алуды жүргізеді;
  6. өткізілген өнім үшін сатып алушылармен өзара есеп айырысуларды берешекті өтеу есебіне жабуды ұйымдастырады;
  7. берешектің пайда болу мерзімі бойынша кредиторлар мен дебиторларды тоқсан сайын ашып көрсетуді ұйымдастырады;
  8. МОЛ-ға сенімхаттарды рәсімдеуді ұйымдастырады;
  9. дебиторлар мен кредиторлар бойынша ай сайын ақпарат (түсіндірмелер) ұсынуды ұйымдастырады;
  10. өзара есепке алу (келісімдер, құқықтарды беру) бойынша жабуды ұйымдастырады;
  11. қызметтер бойынша дебиторлық және кредиторлық берешекке талдау жүргізуді бақылайды;
  12. қызмет көрсетуші жеткізушілерден түскен шот-фактуралар мен орындалған жұмыстар актілерін кіріске алуды, және олардың дұрыс рәсімделуін бақылайды.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Ғылым кандидаты
  • Колледж

Бағыттар бойынша сертификаттардың бар болуы қажет

  • Қаржы
  • Бухгалтерлік есеп