Байланыс бойынша қашықтық бастығының орынбасары "ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Алматы магистральдық желі бөлімшесі"филиалының Ақтоғай сигнал беру және байланыс қашықтығы

507 241 - 559 032
Актогайская дистанция сигнализации и связи Алматы облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
31

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттері:
  • Қашықтықтың барлық қызмет көрсетілетін учаскелерінде байланыстың, радиобайланыстың, жылжымалы құрамның техникалық жай - күйін автоматты бақылау жүйелерінің (бұдан әрі-САКТСПС) пайдалану жұмысын ұйымдастыру және бақылау;
  • Байланыс, радиобайланыс, САКТСПС құрылғылары бөлігінде поездар қозғалысы қауіпсіздігі жөніндегі іс-шаралардың орындалуын әзірлеу және бақылау;
  • Байланыс, радиобайланыс, САКТСПС құрылғыларының үздіксіз жұмысын, учаске бастықтарының және сымды байланыс, радиобайланыс, САКТСПС аға электромеханиктерінің лауазымдық міндеттерін орындауын бақылау;
  • Байланыс, радиобайланыс, САКТСПС құрылғыларына техникалық қызмет көрсетуге, жұмыс жүргізу ережелерін сақтауға, жетекшілік ететін цехтарды қосалқы бөлшектермен, материалдармен және құралдармен қамтамасыз етуге басшылық жасау және бақылау;
  • Өз құзыреті шегінде, қашықтық шекараларында теміржол учаскелері бойынша поездардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету;
  • Әзірленген жоспарларға сәйкес қызметкерлерді оқытуды жүргізу, поездар қозғалысына байланысты қызметкерлердің техникалық білім деңгейін бақылау;
  • Технологиялық процестерді және озық еңбек әдістерін, қашықтықтағы жаңа техниканы әзірлеуге және енгізуге қатысу;
  • Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жай-күйін тексеруге (көктемгі, күзгі) қатысады;
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
  • Мамандығы: теміржол көлігіндегі Автоматтандыру және басқару. Теміржол көлігіндегі Радиотехника, электроника және телекоммуникация. Теміржол көлігіндегі Автоматика, телемеханика және байланыс.
  • Жұмыс тәжірибесі: басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл
Қосымша талаптар:
  • жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі және өндірістік санитария талаптарын сақтау;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті арттыру бойынша ұжымда қолайлы климат құруды қамтамасыз ету;
  • бағынысты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтауын қамтамасыз ету;

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр