«Теміржолсу» АҚ қамтамасыз ету бойынша функционалдық бағыт менеджері (14 Грейд)
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
- Қоғамның және оның ЕҰ-ның тауарларын, жұмыстары мен көрсетілетін қызметтерін сатып алу жоспарларын қалыптастыруды және орындауды үйлестіреді;
- Қоғам және ЕҰ өткізетін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудағы елішілік құндылықтың үлесін ұлғайту үшін шаралар қабылдайды және белгіленген көрсеткіштерге қол жеткізуді бақылайды;
- "ҚТЖ "ҰК" АҚ-ның құрылымдық бөлімшелеріне және сатып алу мәселелері жөніндегі уәкілетті органдарға өзара іс-қимыл жасау қағидаларына сәйкес Қоғамның және оның ЕҰ-ның сатып алуы туралы есептілікті ұсынады;
- Қоғамның және оның ЕҰ-ның алдын ала сатып алу жоспары бойынша тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жыл сайынғы жиынтығын қалыптастырады;
- "Самұрық-Қазына" АҚ, "ҚТЖ "ҰК" АҚ және Қоғамның сатып алу мәселелерін реттейтін регламенттерінің ЕҰ сақталуына бақылау жүргізеді;
- МДҰ ЭСАЖ жүйесінде сатып алу бойынша есептілік нысандарының ұсынылуына бақылау жүргізеді;
- сатып алуды жүзеге асыруға арналған өтінімдерді, МДҰ-ның сатып алу құжаттамасын сатып алуды жүзеге асыру тәртібі нормаларының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды;
- сатып алуды қайтарып алуды болдырмау мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, тоқтатылған сатып алу бойынша есептілікті қалыптастырады, себептерге талдау жүргізеді, сатып алуды қайтарып алуды болдырмауға бағытталған іс-шараларды әзірлейді;
- Қоғамның ОА сатып алу жоспарын қалыптастырады;
- сұрау салуларға жауаптар дайындайды және материалдарды "ҚТЖ "ҰК" АҚ-ның құрылымдық бөлімшелеріне ұсынады.
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
- Экономика саласындағы мамандығы; менеджмент; қаржы; маркетинг; есеп және аудит; ақпараттық жүйелер; құқықтану; көлік, көлік техникасы және технологиялары; логистика және/немесе теміржол мамандықтары.
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 2 жыл
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
Ұқсас вакансиялар