«ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – «Ірі жобаларды іске асыру дирекциясы» Алматы айналма жол құрылысы бөлімінің бастығы

Жалақы көрсетілмеген
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы – «Ірі жобаларды іске асыру жөніндегі дирекция» филиалы Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 4 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
2

Қаралған саны:
38

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • «Алматы станциясының теміржол торабын айналып өтетін айналма теміржол желісін салу» жобасын басқарады;
  • «Алматы станциясының теміржол торабын айналып өтетін айналма теміржол желісін салу» жобасы бойынша белгіленген бюджет пен мерзімдер шеңберінде құрылыс барысына бақылауды жүзеге асырады және ұйымдастыруға, жоспарлауға, үйлестіруге жауапты болады, сондай-ақ салынған нысандарды пайдалануға беруді қамтамасыз етеді;
  • Нысан құрылысы бойынша орындалған жұмыс көлемдерінің (қаржылық және физикалық көлемдері) жинақтамалы есебінің жүргізілуін бақылайды;
  • Келісімшарттық баға ведомосіне сәйкестігін тексереді және орындалған жұмыстарды қабылдау актілеріне (№2 нысан) қол қояды, сондай-ақ орындалған жұмыстардың құны туралы анықтамаларды (№3 нысан) келіседі;
  • Сараптамалардың оң қорытындылары болған жағдайда, ТЭН (техникалық-экономикалық негіздеме) мен ЖСҚ (жобалау-сметалық құжаттама) қабылдануын қамтамасыз етеді;
  • Сектордың жобалау-сметалық, атқарушылық және нормативтік құжаттаманы жүйелі есепке алуы мен сақтауын бақылайды;
  • Нысандардағы техникалық қадағалау сарапшылары мен геодезистердің жұмысын үйлестіреді және бақылайды;
  • Жобалық шешімдерді өзгерту бойынша ұсыныстарды қарастырады. Мәселені қатысушы құрылымдармен талқылауды қамтамасыз етеді және жобаға өзгерістер енгізу бойынша келісілген ұсыныстарды ұсынады;
  • Сектордың нысан құрылысы бойынша кепілдік құжаттарды, қолданылатын материалдарға, конструкцияларға, бұйымдар мен жабдықтарға арналған сертификаттарды қабылдауы мен сақтауын қамтамасыз етеді;
  • Құрылыс барысы туралы жедел күнделікті, апталық және айлық есептердің қалыптастырылуын бақылайды.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
  • Мамандығы: Көлік, көлік техникасы мен технологиялары; Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (теміржол көлігі); Құрылыс; Сәулет; Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру; Жерге орналастыру; Машина жасау; Электроника және телекоммуникация; Компьютерлік жүйелер; География және геоэкология; Электрмен жабдықтау және байланыс; Геодезия және картография; Гидротехника; Автоматтандыру және басқару; Өндірісті механикаландыру; Экономика.
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 4 жыл, оның ішінде басқарушылық лауазымда 2 жыл. 

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр