Ақтоғай сигнализация және байланыс дистанциясы Ақтоғай желі-аппараттық залының құрылғыларына қызмет көрсету бригадасының байланыс электр механигі
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Цехке бекітілген құрылғылардың тұрақты және үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету бойынша өз міндеттері шегінде жауап беру;- Цехке бекітілген құрылғыларды теориялық және практикалық тұрғыдан білуі, жөндеу, монтаждау жұмыстарын, сондай-ақ ГТП бойынша қажетті өлшеулер мен реттеу жұмыстарын орындай алуы тиіс;
- Ақау туындаған жағдайда, байланыс жұмысын резервтік және айналма арналар мен трактілер арқылы немесе резервтік жабдыққа ауыстыру арқылы жедел ұйымдастыру үшін қажетті шараларды қабылдау, кейін ақауды тез арада анықтап, жою шараларын жүзеге асыру. Белгіленген уақытта ақауды жою мүмкін болмаған жағдайда, бұл туралы аға электромеханикке және дистанцияның ауысымдық диспетчеріне хабарлау;
- Бекітілген байланыс құрылғылары бойынша білімін үнемі жетілдіру, ақаулардың туындау мүмкіндігін болдырмау;
- Байланыс құрылғыларының жұмысын үнемі бақылап, қадағалап отыру, жұмыс үзілістерінің алдын алу мақсатында шаралар қабылдау. Ауысымдық жұмыс режимінде бекітілген байланыс құрылғыларына қызмет көрсету және ақауларды уақтылы жою. Басқа электромеханиктерге бекітілген учаскелердегі ақауларды жою кезінде бұл туралы аға электромеханикке хабарлау;
Біліктілік талаптары:
Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі), орта техникалық (немесе белгіленген бағдарлама бойынша арнайы дайындық).
Мамандығы:
-Теміржол көлігіндегі автоматтандыру және басқару;
- Теміржол көлігіндегі радиотехника, электроника және телекоммуникациялар;
- Теміржол көлігіндегі автоматика, телемеханика және байланыс.
Жұмыс тәжірибесі: электромонтер лауазымында кемінде 2 жыл.
Қосымша талаптар:
- Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өрт және электр қауіпсіздігі, өндірістік санитария талаптарын жүйелі түрде оқып, орындау;- Еңбекті қорғау бойынша күнделікті тексерулер барысында анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралардың орындалуын, жұмыс орындарының жағдайы мен дұрыс ұйымдастырылуын, қажетті құрал-саймандар мен жабдықтардың болуын және жарамдылығын, желдету жүйесінің, қорғаныс құралдарының жарамдылығын бақылау.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Техникалық және кәсіптік білім беру
- Колледж