Бас бухгалтер
«QazaqGaz барлау және өндіру» ЖШС Астана қ.Құрметті үміткер!
Сізді «QazaqGaz» ЖШС-нің жұмысқа қабылдау процесінде көруге қуаныштымыз.
Біздің компанияға көрсеткен қызығушылығыңыз үшін алғысымызды білдіреміз.
Сіз мұнда кәсіби өсуіңіз үшін қызықты мүмкіндіктер табасыз деп үміттенеміз, және біз сіздің сұрақтарыңызға жауап беруге және осы процестің әр кезеңінде сізге көмектесуге дайынбыз.
Төменде жарияланған вакансиямен таныса аласыз.
Сізбен кездесуді асыға күтеміз және сіз мұнда кәсіби отбасыңызды табасыз деп үміттенеміз!
Міндеттер:
-
Есепті кезең ішінде Салықтық есеп саясаты талаптарының сақталуына бақылау жүргізу (төлем көзінен салық салу бөлігінде);
Бухгалтерлік есеп шоттарында қаржы-шаруашылық операцияларын көрсетеді:
- бастапқы құжаттар негізінде Серіктестік қызметкерлерінің жалақысы бойынша есеп айырысуларды есепке алу кітаптарында электрондық және қағаз жеткізгіштерде уақтылы көрсету және жүргізу;
- электрондық және қағаз жеткізгіштердегі есепке алу кітаптарында зейнетақы аударымдарын және міндетті зейнетақы жарналарын аудару жөніндегі міндеттемелерді уақтылы көрсету және есепке алу;
- әлеуметтік сақтандыру қорына аударымдарды және оларды аудару жөніндегі міндеттемелерді электрондық және қағаз жеткізгіштердегі есепке алу кітаптарында уақтылы көрсету және есепке алу;
- бастапқы құжаттардың келіп түсуіне қарай есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысу операцияларын уақтылы көрсету және электрондық әрі қағаз жеткізгіштердегі есепке алу кітаптарында жүргізу;
- қолданыстағы салық заңнамасына сәйкес салық органдарына салық есептілігін уақтылы ұсыну және жеке табыс салығы, әлеуметтік салық, жинақтаушы зейнетақы қорларына аударымдар, әлеуметтік сақтандыру қорына аударымдар бойынша салық міндеттемелері мен бюджетпен есеп айырысулардың есебін жүргізу;
- Серіктестік қызметкерлеріне міндетті зейнетақы жарналарының аударылуы, әлеуметтік сақтандыру аударымдары, табыс салығының ұсталымы және зейнетке шығу кезінде немесе қызметкердің талабы бойынша жалақының есептелуі жөнінде анықтамалар дайындау;
- «QazaqGaz» ҰК» АҚ-ға шоғырландырылған жылдық, тоқсандық және айлық қаржылық есептілікті дайындауға, қалыптастыруға және ұсынуға қатысу;
- лауазымдық міндеттерді орындауға байланысты бастапқы құжаттардың тиісті сақталуын қамтамасыз ету;
- келіп түсетін ақпараттың заңнама нормаларына сәйкес келмеуі туралы Бас бухгалтерді уақтылы хабардар ету.
Серіктестік басшылығына және «QazaqGaz» ҰК» АҚ-ның тиісті департаменттеріне қызметкерлердің тізімдік саны, еңбекақы қоры, түрлі есептеулер, қызметкерлердің табыстары және т.б. туралы қажетті ақпаратты жекелеген қызмет кезеңдері бойынша талдау және дайындау;
Жылдық, тоқсандық және айлық статистикалық есептілікті және еңбекке қатысты өзге де есептілікті тапсыруды жүзеге асыру;
Шоғырландырылған қаржылық есептілік нысандарын жасау үшін ішкі және сыртқы аудиторлармен өзара іс-қимыл жасау, ақпаратты (түсіндірмелерді, растайтын есептер мен бастапқы құжаттарды) дайындау;
Жалғыз акционер мен мемлекеттік органдардың сұрауы бойынша ақпарат ұсыну, хат алмасуды жүргізу;
ЕДҰ қызметкерлеріне жалақы және оған салық салу мәселелері бойынша консультациялық және әдістемелік көмек көрсету;
Әдістемелер мен фирмаішілік стандарттарды әзірлеуге қатысу;
Өз құзыреті шегінде шарттарды, келісімшарттарды, келісімдерді және жасалатын мәмілелерді әзірлеуге және талдауға қатысу;
Бухгалтерлік құжаттардың сақталуын, оларды белгіленген тәртіппен рәсімдеуді және архивке өткізуді қамтамасыз ету;
Өзінің кәсіби білімін үнемі арттырып отыру;
Бас директордың бұйрығымен жүктелген өзге де міндеттерді орындау;
Серіктестіктің шектеулі таралымдағы мәліметтерін жария етпеу туралы талаптарын сақтау;
Құжаттарды әзірлеуге және іс жүргізуді жүргізуге мүмкіндік беретін деңгейде білмеген жағдайда, Серіктестікте ұйымдастырылатын курстарда қазақ тілін оқу.
Талаптар:
- Бухгалтерлік есеп/банк ісі/салық салу/экономика/қаржы/аудит саласы бойынша жоғары кәсіби білім;
- Мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі – кемінде 3 жыл;
- Серіктестікте және/немесе ұйымдарда (мұнай-газ саласында) жұмыс өтілі – кемінде 2 жыл;
- ҚР кәсіби бухгалтерінің сертификаты.
Шарттар:
- Әлеуметтік пакет
Қажетті қабілеттер
- начисление зарплаты
- - Знание компьютера: 1С Бухгалтерия, 1С Управление холдингом
- Microsoft Word, Microsoft Excel, Internet, 1С: Бухгалтерия, Банковские программы
- - Работа с программой 1С:Бухгалтерия
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
Ұқсас вакансиялар