"QazaqGaz Aimaq" АҚ Түркістан өндірістік филиалы маркетинг және талдау бөлімінің бастығы

«QazaqGaz Aimaq» АҚ Түркістан өндірістік филиалы Түркістан қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
2578

   Конкурс туралы

Құрметті ізденуші!

Біздің компанияға қызығушылық танытқаныңыз үшін рахмет.

Бос орынға жауап бермес бұрын конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және т.б. туралы ұсынылатын деректердің анықтығына ізденуші жауапты болады.
  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоғы туралы анықтама беру қажет.
  3. Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қадағалауыңызды сұраймыз.

Төменде сіз жарияланған бос орнымен таныса аласыз.

Міндеттері:

  • Түркістан облысы бойынша табиғи газды есепке алу, өткізу және тасымалдау процестерін ұйымдастыру және кешенді бақылау. Тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылармен жұмыс жүргізуді үйлестіру, өтініштерді қабылдау, шарттарды жасау және орындалуын бақылау, жасалған шарттар бойынша реестрлерді қалыптастыру және бухгалтерияға ұсыну.

    Газ тұтыну көлемдерін жоспарлау және талдау, ағымдағы және перспективалық тұтыну бойынша жиынтық есептер мен реестрлерді қалыптастыру, жоспарлардың орындалуын бақылау. Газ жеткізу мен есепке алу деректерінің дұрыстығын, құжат айналымын және ақпараттық жүйелерге енгізілетін мәліметтердің толықтығын қадағалау.

    Есептегіш құралдар көрсеткіштерінің уақтылы алынуын қамтамасыз ету, есептеу және түзетулердің дұрыстығын бақылау, ақпараттық базадағы деректердің сенімділігін тексеру. Тұтынылған газ үшін төлемдердің 100% жиналуын қамтамасыз ету, төлем тәртібі бойынша күнделікті және кезеңдік есептерді дайындау, басшылыққа есеп беру.

    Газ шығындарын (дисбалансты) талдау, себептерін анықтау, заңсыз тұтыну мен ақауларды жою бойынша іс-шараларды ұйымдастыру, тексерулер мен рейдтер жүргізу. Жеткізушілердің шарттық міндеттемелерінің орындалуын бақылау және бұзушылықтар бойынша шағымдық жұмыстар жүргізу.

    Тұтынушылар базасындағы деректердің дұрыстығын қамтамасыз ету, жеке шоттарды ашу/жабу, тарифтерді қолдану, қайта есептеулер жүргізу. Есептеу құралдарын тексеру, пломбалау және техникалық талаптарға сәйкестігін бақылау.

    Сатып алу рәсімдерін жоспарлау және құжаттаманы дайындау процесіне қатысу, шарттардың орындалуын бақылау. Қарамағындағы бөлімшелердің (контролерлер, call-орталық) жұмысын үйлестіру, тапсырмаларды бөлу, орындау сапасы мен еңбек тәртібін бақылау және есептілікті уақтылы қалыптастыру.

Талаптар:

  • Тиісті кадрларды даярлау бағыты бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім. Маркетинг саласындағы мамандық бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

Қажетті қабілеттер

  • Коммуникабельный, пунктуальный, ответственный, исполнительный, стрессоустойчивый.