"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Көп функционалды қызмет көрсету орталығы" филиалының Көкшетау өңірлік қызмет көрсету орталығы бастығының орынбасары

от 598 161
Филиал АО «НК «ҚТЖ» - «Многофункциональный центр обслуживания» Көкшетау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
39

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Филиалдардың құрылымдық бөлімшелері ұсынған бастапқы құжаттар негізінде бухгалтерлік есеп регистрлерінде деректердің уақытылы көрсетілуіне бақылау жүргізеді;
  • Қызмет көрсетілетін филиалдар бойынша басқарушылық есептілікті дұрыс қалыптастыруды және оны қаржылық  есептілік департаментіне  уақтылы ұсынуды қамтамасыз етеді;
  • Қызмет көрсетілетін филиалдар бойынша топішілік қаржылық есеп беру нысандарді дұрыс қалыптастыруды және оны қаржылық  есептілік департаментіне  уақтылы ұсынуды қамтамасыз етеді;
  • Қызмет көрсетілетін филиалдар бойынша SAP RWP  жүйесінде дұрыс  бөлу үшін статистикалық көрсеткіштерді енгізеді; 
  • Қызмет көрсетілетін филиалдар үшін  салық есептілігін дайындау  және уақытылы тапсыру бойынша жұмысты  ұйымдастырады.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары;
  • Саладағы мамандығы: Есеп және аудит; Қаржы, Экономика;
  • Жұмыс тәжірибесі: Қызмет бейіні бойынша: 5 жылдан кем емес, басшы лауазымында 3 жылдан кем емес.

Қосымша талаптар:

  • Кәсіби бухгалтер сертификатының болуы.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр