"ҚТЖ "ҰК" АҚ-"Тасымалдау процесі дирекциясы"филиалының Достық пайдалану вагон депосы 26 - ІІД Достық ст. техникалық қызмет көрсету пунктінің өндірістік оқыту шебері
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
- ТҚҰ, ТОР, ППВ, КП қызметкерлерімен желіге шыға отырып техникалық оқу жүргізеді;
- Кадрларды техникалық оқытудың оқу желісін қажетті оқу және есепке алу құжаттамасымен, сондай-ақ әдістемелік және оқу әдебиеттерімен қамтамасыз етеді және жәрдемдеседі;
- Техникалық оқудың жай күйін тексеру бөлігінде Күзгі және көктемгі комиссиялық тексерулерге қатысады;
- Вагон шаруашылығы нұсқаушыларымен, вагондарға техникалық қызмет көрсету пункттерінің бастықтарымен әдістемелік жұмысты бақылайды (бару жолымен) және ұйымдастырады,кестелердің, оқу жоспарлары мен бағдарламалардың орындалуын, сабақтардың сапасын, есепке алу және оқу құжаттамасының дұрыс жүргізілуін тексереді;
- Техникалық оқыту үшін оқу-материалдық базаны дамыту және нығайту, техникалық кабинеттерді көрнекі құралдармен және техникалық оқыту құралдарымен қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды;
- Белгіленген мерзімде вагон шаруашылығы департаментіне кадрлар даярлау және қызметкерлердің біліктілігін арттыру, техникалық сабақтарды ұйымдастыру және өткізу бойынша есептер дайындайды;
- Оқу бағдарламаларының, техникалық сабақтардың жоспар-кестелерінің, сабақтарды есепке алу журналының орындалуын бақылайды, процесс барысында қызметкерлердің білімін, іскерлігі мен дағдыларын тексереді;
- Техникалық оқу және кадрларды даярлау мәселелері бойынша бұйрықтардың, нұсқаулардың, Ереженің орындалуын қамтамасыз етеді;
- Кадрлар бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп оқу топтарын жинақтайды, тиісті мамандық бойынша практикалық жұмыс тәжірибесі бар инженерлік-техникалық қызметкерлер мен білікті жұмысшылар құрамынан вагон шаруашылығының оқытушыларын, нұсқаушыларын іріктейді және депо басшылығына бекітуге ұсынады.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі); орта (техникалық және кәсіптік);
- Арнайы: жоғары білім беру кезінде-Көлік, көлік техникасы және технологиялар (Вагондар және вагон жасау); орта білім беру кезінде-пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету
- темір жол жылжымалы құрамының (түрлері бойынша);
- Жұмыс тәжірибесі: пайдалану вагон депосында кемінде 5 жыл, оның ішінде вагондарды тексеруші, вагондарды тексеруші, ағымдағы жөндеу бригадирі кемінде 2 жыл.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
- Техникалық және кәсіптік білім беру
- Колледж