Өндірістік бақылау инженері (2 бірлік)

Ақбастау БК АҚ Шымкент қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Вахталық әдіс
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
21

Қаралған саны:
263

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

Негізгі функцияларды іске асыру үшін ӘКК инженеріне мынадай лауазымдық міндеттер жүктеледі: Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Қоғамның бөлімшелерінде өндірістік бақылауды жүзеге асыру жөніндегі жұмыс жоспарын, сондай - ақ қауіпті өндірістік объектілерде өндірістік бақылау саласындағы стратегияны, мақсаттарды, ҚНК және бірыңғай саясатты әзірлеу; БПҰ-да өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған ұйымдастырушылық және практикалық шараларды әзірлеу және енгізу; Қызметкерлердің өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтауына өндірістік бақылауды жүзеге асыру; Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуын тексеруді ұйымдастыру және жүргізу; Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына Қоғам басшысының жазбаша өкімімен ғана жойылуы мүмкін анықталған бұзушылықтарды жою туралы орындалуы міндетті нұсқамалар беру; Өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету және аварияларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарларын әзірлеуді ұйымдастыру; Объектілер мен техникалық құрылғылардың өнеркәсіптік қауіпсіздігі саласында сараптама жүргізуді дайындау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру; Ұйым басшысына ұсыныстар енгізу: - өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүргізу туралы, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзушылықтарды жою туралы; - қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін немесе қауіпті өндірістік факторлардың персоналға, халыққа, қоршаған ортаға әсер етуіне әкеп соғуы мүмкін өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұза отырып жүзеге асырылатын жұмыстарды тоқтата тұру туралы; - өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша уақтылы даярлаудан, қайта даярлаудан өтпеген адамдарды жұмыстан шеттету туралы; Қоғамдағы өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жай-күйін бағалау үшін қажетті құжаттар мен материалдарды алу; Қауіпті өндірістік объектілерде авариялар мен инциденттердің туындау себептеріне талдау жүргізу және оларды есепке алу жөніндегі құжаттаманы сақтау; Өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша қызметкерлерді даярлауды және қайта даярлауды ұйымдастыру; Қауіпті өндірістік объектілер қызметкерлерінің назарына Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы ақпаратты жеткізу; Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру; Қоғамның БПҰ өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын әзірлеуді, өзектендіруді және жүргізуді ұйымдастырады және бақылайды; Қоғамның БПҰ техникалық қайта жарақтандыруды жүргізуді бақылауды жүзеге асырады; Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестік бөлігінде жобалық құжаттаманы және технологиялық режимдердің регламенттерін қарайды; Апаттарды жою жоспарлары шеңберінде оқу дабылдарын және апатқа қарсы жаттығуларды ұйымдастырады және өткізеді; Анықталған сәйкессіздіктерді жою және жұмыс орындары мен объектілердегі тәуекелдерді азайту мақсатында тәуекелдерді сәйкестендіру және бағалау нәтижелері бойынша іс-шараларды әзірлеуге қатысады; Оқыту бағдарламаларын келіседі және НҚА талаптарына сәйкес, оның ішінде жаңа жабдықтар мен технологиялық процестерді енгізу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша білімді тексеру жөніндегі комиссиялардың жұмысына қатысады; Өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша қызметкерлерді даярлау мен қайта даярлауды ұйымдастыруды бақылайды; Қауіпті өндірістік объектілерді пайдалануға қабылдау жөніндегі комиссиялардың жұмысына қатысады; Өнеркәсіптік қауіпсіздік деңгейін арттыруға және персоналға, халыққа және қоршаған ортаға зиян келтірмеуге бағытталған шараларды әзірлейді және іске асырады; Қауіпті өндірістік факторлардың қызметкерлерге, объектілерге және қоршаған ортаға әсерін болдырмау жөніндегі жұмысты үйлестіреді; Қоғамның инциденттер мен аварияларды оқшаулауға, сондай-ақ олардың зардаптарын жоюға дайындығын қамтамасыз етеді; Техникалық құрылғылардың өнеркәсіптік қауіпсіздігін өлшеу, тексеру, сынау, куәландыру және сараптау құралдарын тексерудің уақтылы жүргізілуін бақылайды; Жұмыс орындарында қауіпті факторларды анықтау, тәуекелдерді бағалау, олардың персоналға әсер ету деңгейін анықтау, сондай-ақ инциденттер мен авариялардың себептерін талдау және залалды азайту жөніндегі жұмысты ұйымдастырады; Қауіпті өндірістік факторлардың персоналға әсер ету тәуекелінің деңгейін төмендету жөніндегі іс-шараларды әзірлейді; Оқиғалар, инциденттер, авариялар мен жазатайым оқиғалар туындаған кезде хабарлау тәртібін айқындайды; Қызметтерді/жұмыстарды және тауарлық-материалдық құндылықтарды сатып алуға өтінімдер жасау және орналастыру;

Білім:

Жоғары техникалық білім (өнеркәсіптік қауіпсіздік, экология, радиациялық қауіпсіздік, өмір қауіпсіздігі және т.б.)

Дағдылар:

- жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау нормаларының негіздерін; - еңбекті қорғау және қауіпсіздік ережелері, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі; - Азаматтық қорғаныс, өнеркәсіптік және радиациялық қауіпсіздік ережелері; - өндірістік процестерді түсіну;

Қосымша:

-

Білетін тілдер:

Қазақ және / немесе орыс тілдерін білу – еркін;