"Қазпошта" АҚ Стратегия, маркетинг және медиялық коммуникациялар департаменті бас менеджер - PR бағытының жетекшісі

«Қазпошта» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
4

Қаралған саны:
164

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Қоғамның имиджі мен қызметтерін ілгерілетуге бағытталған тиімді ақпараттық саясатты іске асыру жөніндегі жұмысты үйлестіру, бұқаралық ақпарат құралдары және басқа да коммуникация арналары арқылы нысаналы аудиториялар арасында компания қызметі туралы оң қоғамдық пікір қалыптастыру.
    Компания қызметінің түрлі аспектілері бойынша жүйелі ақпараттық-түсіндіру жұмысын үйлестіру, нысаналы аудиториялардың хабардарлығы мен лоялдылығын арттыру мақсатында БАҚ-та жарияланымдар шығару, компанияның лауазымды тұлғаларының сөз сөйлеуін ұйымдастыру, негізгі тақырыптарды бекіте отырып, контент-жоспарлар мен медиажоспарларды іске асыру.
    Имидждік және коммуникациялық жобалар үшін контент әзірлеу процесін үйлестіру: ақпараттық-имидждік өнімдер мен ақпараттық материалдардың корпоративтік брендке және компанияның стратегиялық коммуникациялық міндеттеріне сәйкестігін бақылау.
    Дағдарысқа қарсы коммуникациялардың тиімді жүйесін ұйымдастыру.
    Сыртқы аудиторияларға арналған мамандандырылған іс-шаралардың өткізілуін бақылау. «Қазпошта» АҚ қызметкерлерінің хабардарлығын арттыру арқылы компания қызметкерлерінің коммуникациялық құзыреттілігін дамыту жөніндегі жұмысты ұйымдастыру.
    Қоғамның тиімді жарнама саясатын қалыптастыру және жүргізу.
    Қызметтің әдістемелік құжаттамасын әзірлеу және өзектендіру процесін бақылау.

Талаптар:

  • Мынадай бағыттар бойынша жоғары білім: экономика және/немесе қаржы және/немесе менеджмент және/немесе PR/журналистика және коммуникациялар
  • Жарнама және/немесе маркетинг және/немесе қоғаммен байланыс және/немесе журналистика және/немесе аналитика саласында кемінде 3 жыл жұмыс өтілінің болуы, оның ішінде басшылық лауазымдарда немесе «Қазпошта» АҚ-да төмен тұрған лауазымдарда кемінде 1 жыл жұмыс өтілінің болуы

Шарттар:

  • Бес күндік жұмыс аптасы екі демалыс күнімен - сенбі және жексенбі, күнделікті жұмыс (жұмыс күні, ауысым) ұзақтығы 8 (сегіз) сағат апта сайын дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін, демалуға және тамақтануға арналған үзіліс сағат 13-00-ден сағат 14-00-ге дейін
  • Астана