Семей қаласындағы Бас бухгалтер

«Семей Энерго» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 7 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
1387

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • бухгалтерлік есепті жүргізу және бухгалтерлік (қаржылық) есептілікті дайындау;
  • салықтық есепті жүргізу, салықтық есептілікті дайындау, салықтық жоспарлау және талдау;
  • статистикалық есепті жүргізу және статистикалық есептілікті дайындау;
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне есептілікті дайындау және ұсыну;
  • Товариществоның есеп саясатын, салықтық есеп саясатын, сондай-ақ ішкі нормативтік құжаттарын қалыптастыру және өзектендіру;
  • сыртқы және ішкі тексерістерді сүйемелдеу, аудиторлармен өзара іс-қимыл жасау;
  • ақпаратты уақтылы ұсыну және мүдделі тараптармен кері байланысты қамтамасыз ету мақсатында басшылықтың тапсырмалары шеңберінде өзге де функционалдық міндеттерді орындау.

Талаптар:

Көшу:

  • бас кеңсенің көшуіне байланысты 2026 жылғы шілдеден бастап Семей қаласына көшуге дайын болу.

Білімі:

  • қаржы/бухгалтерлік есеп және аудит бағыттары бойынша жоғары білім;
  • «ҚР Кәсіби бухгалтері» сертификатының немесе уәкілетті органдар мойындаған халықаралық сертификаттардың бірінің болуы.

Жұмыс тәжірибесі:

  • жалпы жұмыс өтілі кемінде 10 жыл;
  • өндірістік компанияларда бухгалтерлік есеп және есептілік саласында кемінде 5 жыл практикалық жұмыс тәжірибесі;
  • басшылық лауазымдарда кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі;
  • «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобында жұмыс тәжірибесінің болуы.

Жеке қасиеттері:

  • ұқыптылық, жауапкершілік, ұйымдастырушылық қабілет;
  • аналитикалық ойлау және үлкен көлемдегі ақпаратпен жұмыс істей білу;
  • командалық жұмыс дағдылары және әртүрлі бөлімшелермен тиімді өзара іс-қимыл жасау қабілеті;
  • күйзеліске төзімділік және қысқа мерзімдерде жұмыс істей білу.

Еңбек шарттары:

  • жұмыс кестесі: 5/2, сегіз сағаттық жұмыс күні;
  • әлеуметтік пакет.