«Жолаушылар тасымалы» АҚ «Экспресс» филиалының жедел-пайдалану жұмысы секторының жетекші инженері (қозғалыс қауіпсіздігі бойынша)
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Құзыреті шеңберінде компаниядағы және оның еншілес ұйымдарындағы қозғалыс қауіпсіздігін басқару жүйесі бойынша басшылыққа сәйкес өз қызметін қамтамасыз етеді;
- қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі топ қызметкерлерімен бірлесіп қозғалыс қауіпсіздігі бойынша ішкі аудит жүргізу кезінде қатысады;
- жолаушылар вагондарына техникалық қызмет көрсетудің технологиялық процестерінің және жөндеудің ауыр түрлерінің, "Тальго" және "Тұлпар-Тальго" құрылыстарының сақталуына және орындалу сапасына, олардың ҚР ИДМ, компания, қоғам бекіткен нормативтік - техникалық құжаттама талаптарына сәйкестігіне мониторингті жүзеге асырады;
- учаске бойынша жолаушылар поездарының қозғалыс қауіпсіздігі бойынша ай сайынғы (өсіп келе жатқан) талдау жасайды;
- топ қызметкерлері, компания қозғалысы қауіпсіздігі департаментінің, Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының өкілдері жүргізетін жолаушылар шаруашылығы кәсіпорындарының, вагон жөндеу кәсіпорындарының техникалық тексерулеріне, жоспарлы, жоспардан тыс, нысаналы және кешенді тексерулеріне қатысады;
- анықталған бұзушылықтар, қозғалыс қауіпсіздігін бұзудың алғышарттары және оларды жою барысы, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралардың уақтылы іске асырылмауы туралы басшылықты хабардар етеді;
- болған оқиға орнына бара отырып, поездық және маневрлік жұмыста жолаушылар поездарының қозғалыс қауіпсіздігін бұзу жағдайларын тергеуге қатысады, жол берілген қозғалыс қауіпсіздігін бұзу бойынша толық материалды ресімдейді және оларды жоюға және туындауының алдын алуға бағытталған іс-шаралардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
- "қозғалыс қауіпсіздігі күніне" жолаушылар шаруашылығы кәсіпорындарын тексеруге қатысады;
- филиал басшыларының қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бекітілген жеке қатысу нормативтерінің орындалуын тексеруді жүзеге асырады.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
- Мамандығы: Көлік, көлік техникасы және технологиялары; Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (теміржол көлігі)
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 3 жыл.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
Ұқсас вакансиялар