Газ желілерін пайдалану және жөндеу қызметінің шебері

«QazaqGaz Aimaq» АҚ Қарағанды өндірістік филиалы Қарағанды қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
2

Қаралған саны:
348

   Конкурс туралы
Құрметті талапкер!
Біздің компанияға қызығушылық танытқаныңыз үшін рахмет . Бос орынға өтінім берер алдында конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз: Білімі, жұмыс тәжірибесі, дағдылары және т.б. туралы берілген мәліметтердің дұрыстығына жауапкершілік. өтініш берушіге жүктеледі. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, тиісті хабарлама жіберілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтаманы ұсыну қажет. Жеке кабинетіңіздегі тиісті хабарландыруларды орындауыңызды сұраймыз. Төменде сіз жарияланған бос жұмыс орнын көре аласыз.


Жалпы білімі – жоғары кәсіби техникалық, мамандығы бойынша еңбек өтілі кемінде 1 жыл.

СЭжЖҚ шебері келесі практикалық дағдыларға ие болуы тиіс:

  • еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі, өндірістік санитария және өртке қарсы қорғау қағидалары мен нормаларын білу;
  • жабдықтардың өндірістік қуаттарын, техникалық сипаттамаларын, конструктивтік ерекшеліктерін, жұмыс режимдерін және техникалық пайдалану қағидаларын білу;
  • газ тарату жүйесін айналып өту кестелерін, маршруттық карталарын, техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу жоспарларын жасау тәртібін меңгеру;
  • техникалық құжаттаманы әзірлеу және рәсімдеу бойынша ережелерді, нұсқаулықтарды және басқа да басшылыққа алынатын материалдарды білу;
  • Филиалдың өндірістік қызмет жоспарларын жасау және келісу тәртібін білу;
  • жабдықтарды жоспарлы-алдын алу жөндеу жүйесін және оларды ұтымды пайдалану қағидаларын білу;
  • жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргізу технологиясын білу;
  • жабдықтарды монтаждау, реттеу, баптау және жөндеу әдістерін меңгеру;
  • дәнекерлеу кезінде қолданылатын материалдарға қойылатын техникалық талаптарды және олардың шығыс нормаларын білу;
  • жеке қорғаныс құралдарын қолдана білу;
  • белгіленген есептілікті жасау тәртібін білу;
  • ұйымдастыру техникасымен жұмыс істей білу;
  • Microsoft Office (Word, Excel, PowerPoint, Access), Internet Explorer, СЭД, Microsoft Outlook бағдарламалар пакетін, сондай-ақ заманауи байланыс және коммуникация құралдарын пайдалану дағдыларына ие болу.


Шарттары: 5 күндік жұмыс аптасы

Қажетті қабілеттер

  • - Закон Республики Казахстан «О газе и газоснабжении»

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр