Сметалық-жобалық құжаттама менеджері

«Samruk Business Academy» ЖММ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
5

Қаралған саны:
99

   Конкурс туралы

Міндеттері:

• Сметалық және бастапқы бухгалтерлік құжаттарды дайындау, келісу және олардың орындалуын бақылау;
• Іс-шараларды ұйымдастыру, жұмыс көлемі мен төлем шарттарын келісу бойынша тапсырыс берушілермен және жеткізушілермен тиімді өзара әрекеттесу;
• Шарттық және есептік құжаттаманы электрондық құжат айналымы жүйесінде (СЭҚАЖ) жүргізу және сүйемелдеу;
• Жоба бюджетінің орындалуын бақылау, көрсетілетін қызметтердің құнын талдау және дебиторлық/кредиторлық берешекке мониторинг жүргізу;
• Басшылық пен тапсырыс берушілерге арналған жобалар бойынша аралық және қорытынды есептерді әзірлеу.

Талаптар:

• Экономика, қаржы, бухгалтерлік есеп, менеджмент немесе сабақтас бағыттар бойынша жоғары білім;
• Бухгалтерлік есеп, аудит, менеджмент немесе ұқсас салаларда кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі;
• Бухгалтерлік есеп негіздерін және бастапқы құжаттамамен жұмыс істеу тәртібін білу;
• СЭҚАЖ және кеңселік бағдарламалармен жұмыс істеу дағдылары;
• 1С: Бухгалтерия бағдарламасы бойынша сертификаттардың болуы құпталады;
• Іскерлік хат алмасу, тиімді коммуникация және келіссөздер жүргізу дағдылары.

Еңбек шарттары:

• 5 күндік жұмыс аптасы;
• 09:00-18:30 аралығындағы 8 сағаттық жұмыс күні, түскі үзіліс 13:00-14:30;
• ҚР Еңбек кодексіне сәйкес ресми жұмысқа орналастыру;
• Лауазымдық жалақы, тоқсан сайынғы сыйақылар және материалдық көмек;
• Әлеуметтік пакет: фитнес және стоматологиялық қызметтер;
• Жыл сайынғы еңбек демалысы алдында сауықтыру төлемдері;
• Ұзақтығы 30 күнтізбелік күн болатын жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы;
• Қызметтік тасымалдау қарастырылған.