Лауазымдық жауапкершілік:
• Тікелей басшының тапсырмаларын орындауға бағытталған құжаттармен жедел, білікті, сапалы жұмыс.
• 1С жүйесінде бюджеттік құжаттарды жүргізу (түзету, құрастыру, есептен шығару);
• 1С жүйесінде қоймадан беруге өтінімдер жасау бойынша жұмыстарды жүзеге асыру;
• Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу жоспарын (ТЖҚ) қалыптастыруға қатысу.
• Техникалық мамандар дайындаған техникалық ерекшеліктер мен талаптар негізінде тау-кен дайындық жұмыстарына (ТДЖ), негізгі өндірістік материалдарға қатысты ТЖҚ сатып алу үшін техникалық тапсырмалар мен барлық ілеспе құжаттарды ресімдеу;
• Сатып алу басқармаларына жіберілетін өтінімдерді, бланк-сұранымдарды және басқа да құжаттарды жасау;
• Сатып алынатын ТЖҚ бойынша сатып алу бағдарламасы мен жеткізілімдердің орындалу мәртебесін қадағалау.
• Бейінді мамандармен бірлесіп ТЖҚ әлеуетті жеткізушілерінен келіп түсетін өтінімдерді, ұсыныстарды техникалық талдау;
• ТЖҚ жеткізу бойынша қолданыстағы шарттардың орындалуын бақылау;
• Өткен кезең үшін жиынтық жедел есептерді және жыл, тоқсан, ай, апта, жұмыс күні үшін ТЖҚ қажеттілігінің болжамдарын олардың түрлері мен бөлімшелері бойынша жиынтық кестелерді жасай отырып жасау;
• Материалдық ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды енгізуге қатысу (тасымалдаумен, материалдарды ауыстырумен, қайталама шикізатты пайдаланумен, артық ресурстарды азайтумен және т. б. байланысты шығындарды азайту);
• ТДЖ-ге қатысты материалды пайдалануды талдау;
• Өндірістік мәселелер бойынша ақпарат беру бөлігінде "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ, "Камеко Қазақстан" ЖШС құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимылды ұйымдастыру, өз құзыреті шегінде өндірістік мәселелер бойынша хат алмасуды (хаттарды дайындауды) жүзеге асыру;
• Жұмысты орындау үшін қажетті құжаттаманың жоқтығы немесе толық еместігі туралы ақпаратты тікелей басшыға уақтылы жеткізу;
• Тікелей бастығы, Бас директордың, және қажетінше жедел, өндірістік, өзге кеңестердің және Серіктестіктің басқа басшыларының жеке тапсырмалары мен қойылған міндеттерін өз уақытында орындау;
• Өз құзыреті аясында жеке басының жұмыс беруші актілерін, саясаттар, ережелер, нұсқаулықтар және жұмыскердің еңбек қызметіне қатысты Серіктестіктің басқа құжаттарын орындауын қамтамасыз ету;
• Еңбек, ұжымдық шарттар, осы лауазымдық нұсқаулық, жұмыс беруші актілері және де Серіктестіктің өзге бақыланатын құжаттарына сәйкес қойылған мақсаттарды, еңбек міндеттерін адал, уақтылы және сапалы орындау (тиісті көлемде және мерзімінде орындау мүмкіндігі болмаған жағдайда, немесе сұрақтар туындаған жағдайда жұмыскер тікелей бастығына хабарлауы тиіс және қажет болса, міндеттердің, тапсырмалардың және т.б. орындау мерзімін создыруға тиіс);
• Еңбек шартын бұзу/тоқтату барысында Серіктестікке тиесілі құжаттар, материалдар және т.б. меншікті еңбек шарты талаптарына сәйкес және бекітілген тәртіпте тапсыру (қажет болған жағдайда);
• Демалысқа шықпас бұрын, вахтааралық демалысқа, жұмыс берушімен еңбек қатынастары тоқтатылғанға дейін және т. б., орындаудағы істерді және/немесе материалдарды QMS-00-00-01 нысаны бойынша ауысымшы қызметкерге немесе ауысымшыны алмастыратын қызметкерге не тікелей басшыға беру;
• Қолданыстағы шарттар талаптарының орындалуын қамтамасыз етуді тиісті бақылау (бар болса);
• Серіктестіктің Бас директорына және/немесе комплаенс жөніндегі офицеріне және/немесе «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ң «Жедел желісіне» дайындалып жатқан, жасалып жатқан немесе жасалған сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылық туралы кез келген ақпаратты хабарлау;
• Тікелей басшыға ТҚКжЖ жоспарлау жөніндегі инженерінің лауазымды міндеттеріне теріс әсер етуі мүмкін барлық ықтимал тәуекел оқиғалары туралы хабарлау.Білім:
Жоғары білімДағдылар:
Орындалатын жұмыс мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Заңнамасы, Нормативтік-құқықтық актілері және басқа да нормативтік құжаттары;
* Орындалатын жұмыстың тиісті мәселелеріне қатысты әдістемелік материалдармен жұмыс істеу;
* Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының негіздері;
* Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, радиациялық қауіпсіздік, өндірістік санитария және өрттен қорғау ережелері мен нормалары;
* Азаматтық қорғау және өндірістік қауіпсіздік саласындағы ережелер мен нормалар;
* Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау қағидаларының негіздері;
* Метрология, энергетика және КЖП бөлігінде пайдалану және қызмет көрсету жөніндегі қаулылар, өкімдер, бұйрықтар, әдістемелік және нормативтік материалдар;
* Технологиялық жабдықты жоспарлы-алдын алу жөндеу және ұтымды пайдалану жүйесімен жұмыс істеу;
* Жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру және технологиясы;
* Уран кәсіпорындарының өнімдерін өндіру технологиясының негіздері;
* Жабдықтар мен аспаптарға паспорт жасау тәртібі;
* Апаттылықтың алдын алу бойынша алдын алу шараларын жүзеге асыруға жеке қатысу нормативтері;
* Өндіріске байланысты жазатайым оқиғаларды тергеу және есепке алу әдістемесі;
* Техникалық сипаттамалары, конструктивтік ерекшеліктері, БКП және энерго қондырғылары жабдықтарының мақсаты мен жұмыс режимдері, оны техникалық пайдалану қағидалары;
* Апталық, айлық және жылдық жоспар-жұмыс кестесін жоспарлау әдістері;
* Техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды есепке алу мен талдаудың озық жүйелері;
* Жөндеу жұмыстарына смета, жабдыққа, материалдарға, қосалқы бөлшектерге, құрал-саймандарға және т. б. өтінімдер жасау тәртібі.;
* Ақша қаражаты мен Шығыс материалын күрделі және операциялық бюджеттеуді жоспарлауды, сондай-ақ оның орындалуын бақылауды жүргізу мүмкіндігі;Қосымша:
Маңызыд емесБілетін тілдер:
* Қазақ тілін білу-бастапқы деңгей;
* Орыс тілін білу-міндетті;
* Ағылшын тілін білу-бастапқы деңгей