«KTZ Express» АҚ Сатып алуларды жүргізу және мониторингтеу және мүлікті жүзеге асыру департаментінің әкімшілік қамтамасыз ету тобының бас менеджері
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттері:
- Қоғам басшылығының Қазақстан Республикасының аумағында және шетелде өткізілетін халықаралық іс-шаралар мен кездесулерге қатысу кестесі мен бағдарламаларын дайындайды;
- Қоғам басшылығы мен қонақтарының Қазақстан Республикасы аумағындағы және шетелдегі әуежайлардың VIP/CIP терминалдары арқылы өтуін ұйымдастырады;
- Екіжақты және көпжақты кездесулерге арналған келіссөз залдарын материалдық-техникалық жабдықталуын қамтамасыз ете отырып дайындайды (температуралық режимді сақтау, жарықтандыру, дыбыс күшейткіш жабдықтар, кеңсе тауарлары, су, куверткалар, жалаушалар, ілеспе немесе синхронды аударма, бейнеконференцбайланыс);
- Қоғам қызметкерлері үшін шығу құжаттарын, оның ішінде визалар мен қызметтік паспорттарды рәсімдеу жұмыстарын жүргізеді;
- Қоғамның шақыруымен Қазақстан Республикасына келетін шетел мемлекеттері мен халықаралық ұйымдар өкілдеріне визалық шақыруларды рәсімдеу жұмыстарын жүргізеді, сондай-ақ визалық қолдау көрсету мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен өзара іс-қимыл жасайды;
- Халықаралық іс-шараларды өткізуге арналған Қоғамның өкілдік шығыстары бюджеті бойынша есептілікті Экономика және қаржы департаментіне сұранысқа сәйкес дайындау және ұсыну жұмыстарын жүргізеді;
- Қоғамның өкілдік шығыстарының есебін жүргізеді.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
- Мамандығы: Экономика; Менеджмент; Қаржы; Маркетинг; Есеп және аудит; Ақпараттық жүйелер; Құқықтану; Көлік, көлік техникасы және технологиялары; Логистика және/немесе теміржол мамандықтары.
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 2 жыл.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
Ұқсас вакансиялар