«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС Әкімшілік-шаруашылық бөлімінің (құрылыс және ғимараттар мен имараттарды пайдалану жөніндегі) жетекші маманы бос қызмет орнына кандидаттарды іздестіру туралы хабарлайды

«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС Ақтау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
6

Қаралған саны:
248

   Конкурс туралы

Білімі:
Жоғары кәсіби

Мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі:
Кәсіби салада немесе қызметінің функционалдық бағыттарына  сәйкес келетін салаларда кемінде 5 (бес) жыл.

Қызметтік міндеттерін орындау үшін қажетті білімі мен дағдылары:
1. ҚР Конституциясының нормалары;
2. еңбек заңнамасының негіздері;
3. ҚТКФ жарғысы;
4. ҚР қолданыстағы заңнамалық және өзге де нормативтік-құқықтық актілері, сондай-ақ осы лауазымға қажетті;
5. еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі, өндірістік санитария қағидалары мен нормалары, ішкі тәртіп қағидалары;
6. ТБЖ және ҚТКФ ішкі бақылау жүйесінің негіздері;
7. компьютерлік техника, телекоммуникация және байланыс құралдары;
8. құрылыс-монтаждау және жөндеу жұмыстарын жүргізу технологиясы мен әдістері;
9. ҚТКФ объектілерінің техникалық-пайдалану сипаттамалары мен жай-күйі;
10. объектілердің құрылысын қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті бақылаушы ұйымдардың қағидалары.

Осы қызметтегі функционалдық міндеттері:
1. ҚТКФ объектілерінің техникалық жай-күйін бақылауды жүзеге асыру;
2. ҚТКФ ғимараттары мен құрылыстарын қалыпты пайдалануға кедергі келтіретін ақауларды анықтау, оларды жоюды ұйымдастыру;
3. ҚТКФ объектілерін жөндеу жұмыстарының техникалық қарап-тексеру актілерін, ақаулық тізілімдерін ресімдеу;
4. құрылыс-монтаждаудың және жөндеу жұмыстарының, қолданылатын конструкциялардың, бұйымдардың, материалдар мен жеткізілетін жабдықтардың көлемі мен сапасын бақылауды жүзеге асыру және олардың жобалау шешімдеріне, құрылыс нормаларының, стандарттардың, техникалық жағдайлардың және басқадай нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес болуы;
5. атқарушылық құжаттаманың болуын және дұрыс жүргізілуін бақылау;
6. жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу үшін, орын-жайлардың функционалдық тиістілігін өзгерту, конструкциялар мен инженерлік жүйелерді басқасына ауыстыру немесе оларды қайта орналастыру және басқадай осыған ұқсас шешімдер бойынша бастапқы деректерді беру;
7. мердігерлік ұйымдармен құрылыс-монтаждау және жөндеу жұмыстарына шарттарды жасасу үшін материалдарды әзірлеуді жүзеге асыру, осы мақсаттарға қаражаттың жұмсалуын бақылауды жүзеге асыру;
8. ТБЖ жауапты қызметкерге жәрдем көрсету және тәуекелдерді сәйкестендіруді, бағалауды, өзектендіруді және басқаруды жүргізуге қатысуды қамтамасыз ету.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман