Лауазымдық жауапкершілік:
Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарына, бекітілген кестелерге, қолданыстағы стандарттар мен бекітілген рәсімдерге сәйкес төмендегілерге бақылау жүргізеді:
• автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету жұмыстарының (ТО, маусымдық қызмет көрсету) мерзімі мен сапасына;
• бекітілген кестеге сәйкес автокөлік құралдарын желіге шығаруға;
• жүргізушілердің автокөлік құралдарын техникалық пайдалану қағидаларын сақтауына;
• кәсіпорында пайдаланылатын автокөлік құралдары мен жүк көтергіш механизмдердің пайдаланылуына;
• бекітілген нормаларға сәйкес жанар-жағармай материалдары мен басқа материалдардың шығысына.Білім:
Техникалық бойынша жоғары білім және орта білімДағдылар:
Міндетті:
• ҚР-ның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, әдістемелік және басшылық материалдарды, жоғары тұрған бақылаушы органдардың қаулыларын, өкімдері мен бұйрықтарын білу;
• филиалдың өндірістік-шаруашылық қызметіне қатысты қаулыларды, бұйрықтарды, өкімдерді және басқа да басшылық материалдарды білу;
• зерттелетін аймақтағы минералдық-шикізат базасының одан әрі даму перспективаларын білу;
• өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастыруды білу;
• шаруашылық есеп және технологиялық нормалау әдістерін білу;
• еңбекке ақы төлеу жөніндегі қолданыстағы ережелерді және материалдық ынталандыру нысандарын білу;
• еңбек қауіпсіздігі, техника қауіпсіздігі, өндірістік санитария және өртке қарсы қорғау қағидалары мен нормаларын білу;
• ішкі еңбек тәртібі қағидаларын білу.
Қалаулы:
• тәуекел-менеджмент саласындағы білім;
• сапа, экология саласындағы саясатты және ИСМ ішкі нормативтік құжаттарын білу;
• іскерлік қарым-қатынас мәдениеті мен қызметтік әдепті білу;
• қазақ және орыс тілдерін білу;
• пайдаланушы деңгейінде компьютерлік техника, коммуникация және байланыс құралдарын меңгеру;
• деректерді аналитикалық өңдеу дағдылары;
• коммуникациялық дағдылар;
• жобаларды басқару және есептілік жүргізу дағдылары.Қосымша:
• материалдар мен жанар-жағармай материалдарының үлестік тұтыну нормаларын ұйымдастыру, бақылау, есептеу және негіздеу;
• автокөлік құралдары мен жабдықтарды жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру;
• автокөліктер мен жол-құрылыс техникасының техникалық пайдалану қағидалары мен құрылымын білу.Білетін тілдер:
Қазақ және орыс