Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі бас менеджер

Ақбастау БК АҚ Шымкент қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
10

Қаралған саны:
172

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

Қоғамның ақпараттық қауіпсіздік жағдайын және құпия ақпараттың сақталуын бақылау жұмыстарын ұйымдастыру; Қауіпсіздік секторы иеленетін ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін басқару; Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағыттары бойынша деректерді талдау және есептік материалдарды дайындау; Ақпараттық қауіпсіздік инциденттерін жедел шаралар қабылдау арқылы оқшаулау; Ақпараттық қауіпсіздік инциденттерін жіктеу және тіркеу; Ақпараттық қауіпсіздік инцидентінен кейінгі әрекеттерді үйлестіру және рәсімдерді өзектендіру; Ақпараттық қауіпсіздік оқиғалары бойынша ақпарат жинау; Желілерді, компьютерлерді және қосымшаларды ақпараттық қауіпсіздік осалдықтарын анықтау мақсатында сканерлеу; Ақпараттық қауіпсіздік осалдықтарының жойылуын диагностикалау және мониторинг жүргізу мақсатында қайта сканерлеу; Ақпараттық қауіпсіздік бойынша ішкі нормативтік құжаттар тізілімін қалыптастыру және жүргізу; Ақпараттық қауіпсіздік бойынша ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеу және жаңарту; Ақпараттық қауіпсіздік бойынша бақылау іс-шараларын тексеру жоспарларын дайындау; Ақпараттық қауіпсіздік бойынша бақылау іс-шараларына тексеру жүргізу; Тексеру нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою бойынша ұсынымдар әзірлеу; Өзіндік диагностика нәтижелері бойынша жағдайды түзету; Сыртқы аудит ескертулерін жою; Ақпараттық қауіпсіздік жүйелерінің архитектурасын талдау; Инциденттерді өз бетінше жою; Техникалық қателерді өз бетінше түзету; Ақпараттық активтерді жіктеу және олардың иелерін анықтау; Ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін сәйкестендіру және тәуекел критерийлерін анықтау; Қоғам объектілеріндегі ақпараттық қауіпсіздік тұрғысынан осал тұстарды анықтау және оларды жою бойынша толық шаралар қабылдау; Күзеттің техникалық құралдарына, қолжетімділікті бақылаудың автоматтандырылған жүйесіне, периметрді қорғаудың техникалық құралдары кешеніне және бейнебақылау жүйесіне техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарының сапалы орындалуын, сондай-ақ олардың жарамды күйін бақылау; Қолданыстағы немесе жаңадан енгізілетін күзет, физикалық қорғау және киберқауіпсіздік техникалық құралдарын жетілдіруге арналған техникалық және техникалық-экономикалық негіздемелерді, есептерді, техникалық талаптар мен жобалау тапсырмаларын уақтылы әзірлеу; Қоғамның Бас директорының жекелеген тапсырмалары мен қойылған міндеттерін уақтылы орындау.

Білім:

Жоғары білім, Ақпараттық технологиялар / Ақпараттық жүйелер / Ақпараттық қауіпсіздік / Телекоммуникациялар / Автоматтандыру және басқару / Ақпаратты қорғау

Дағдылар:

-

Қосымша:

CISSP / SSCP / CISA / CISM / IPMA / PMP сертификаттарының болғаны жөн

Білетін тілдер:

Қазақ және орыс тілдерін еркін меңгерген

Қажетті қабілеттер

  • -