«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының филиалы «Семей вагон пайдалану депосы» Суук-Булак ТҚКБП-нің вагон тексеріп жөндеуші

243 549 - 256 139
ВЧД-23 СЕМЕЙСКОЕ ЭКСПЛУАТАЦИОННОЕ ВАГОННОЕ ДЕПО 2 группы Шығыс Қазақстан облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Ауысым кестесі
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
78

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

Пойыздарды белгіленген жерде, «Қауіпсіздік бекеті» сигналдық белгісінің жанында қарсы алу және шығарып салу, жүріс бөліктерінің, буксо түйінінің, тежегіш жабдықтарының және вагондардың шанақтарының жай-күйін, сондай-ақ локомотив бригадасының мінез-құлқын мұқият бақылау (түнгі уақытта және көру мүмкіндігі нашар болғанда жарықтандыру арқылы), оларды прожектор жарығымен соқыр қылмау;
Вагондарға қажетті ағымдағы жөндеу (вагонды ажырату арқылы және ажыратпай) жүргізу және олардың жақын маңдағы техникалық қызмет көрсету пунктіне дейінгі әрі қарай жүру тәртібін анықтау, қажет болған жағдайда техникалық ақауы бар, ағымдағы ажырату жөндеуіне немесе жоспарлы жөндеуге жататын вагондарға ВУ-23 нысанындағы хабарлама жазып беру;
Технологиялық процесті сақтау, жолаушылар және жүк пойыздарының кепілдік иықтар бойынша кестеге сай және қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету;
КТСМ «Дабыл» 0,1,2 көрсеткіштері бойынша пойыздың әрбір тоқтауы туралы Семей ТҚКП (ПТО) вагонға қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі операторларға хабарлау және анықталған вагон ақауларын жеткізу, ескерту және олардың жақын маңдағы техникалық қызмет көрсету пунктіне дейінгі әрі қарай жүру тәртібін анықтау;
Қауіпсіздік бекетінде өтіп бара жатқан пойыздарда анықталған ақауларды есепке алу журналын жүргізу.

Біліктілік талаптары:

Білімі

Орта және арнаулы орта белгіленген бағдарлама бойынша

Еңбек өтелі

еңбек өтеліне талап қойылмайды

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Техникалық және кәсіптік білім беру
  • Колледж