«ҚТЖ» ҰК» АҚ - «Қандыағаш пайдалану вагон депосы» филиалының Шалқар ПТО (1-топ учаскесінің) вагон депосы шебері

436 030 - 454 482
ВЧД-4 КАНДЫАГАШСКОЕ ЭКСПЛУАТАЦИОННОЕ ВАГОННОЕ ДЕПО 1 группы Ақтөбе облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
5

Қаралған саны:
95

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттері:

  • Жұмыс басталар алдында өз құзыреті шегіндегі міндеттер бойынша келіп түскен бұйрықтармен және нұсқаулармен танысады;
  • Жүк және жолаушы пойыздарына техникалық қызмет көрсету технологиясының сақталуы мен сапасын тексеруді жүргізеді;
  • Пойыз қозғалысы барысында жылжымалы құрамның техникалық жай-күйін бақылау және оны техникалық жарақтандыру технологиясының сақталуын тексереді;
  • Вагон жүктемесіне, тежеу колодкаларының түрлеріне сәйкес оське түсетін тежеу колодкаларының басу күшін есептеуді және ВУ-45 нысанындағы анықтамаларды толтыру тәртібінің сақталуын тексереді;
  • Өндірістің метрологиялық қамтамасыз етілуіне жауап береді және жұмысты ұйымдастырады, өлшеу құралдарының (ӨҚ) жағдайын бақылайды, оларды уақытылы тексеру мен жөндеуден өткізу жұмыстарын ұйымдастырады;
  • Әкімшілік және өндірістік ғимараттардың, цехтардың, құрылыстардың техникалық жағдайы мен санитарлық талаптарының сақталуын бақылайды;
  • Ай сайын материалдық есептерді тапсырады.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
  • Мамандығы: Көлік, көлік техникасы және технологиялары (вагондар); Теміржол көлік құралдарын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету.
  • Жұмыс тәжірибесі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі болған жағдайда - қызмет бейіні бойынша кемінде 2 жыл жұмыс өтілі, оның ішінде вагон қараушы лауазымында кемінде 1 жыл / орта (техникалық және кәсіптік) білімі болған жағдайда - қызмет бейіні бойынша кемінде 3 жыл, оның ішінде вагон қараушы лауазымында кемінде 2 жыл.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Техникалық және кәсіптік білім беру
  • Колледж