«KTZ Express» АҚ Клиенттерді сүйемелдеу департаментінің клиенттерді сүйемелдеу тобының бас менеджері
- Құрылған күні:
-
28.05.2026
- Берілген өтінім:
- 20
- Қаралған саны:
- 120
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттері:
- Клиенттердің сұраныстары бойынша мөлшерлемелер ұсынады, әлеуетті клиенттермен келіссөздер жүргізеді және коммерциялық ұсыныстар жолдайды;
- Шарттық баға хаттамаларын қалыптастырады және келіседі;
- Клиенттердің өтінімдерін «ИРС-тасымалдар» бағдарламасында өңдейді;
- Болжамдық есептерді қалыптастырады (клиенттің жөнелту ақпараты енгізіледі; сату блогы мен табыстар және шығыстар департаментінен ақпарат жиналады);
- Орындалған жұмыстар актілерін клиенттермен келіседі және қол қояды, клиенттер бойынша салыстыру актілерін сұратады және оларды тиісті құрылымдық бөлімшелермен келіседі;
- Клиенттің өтінімі бойынша ақшалай қаражатты қайтаруды және қаражатты қайта бөлуді жүзеге асырады;
- Клиенттерден келесі айға арналған тасымалдау жоспарлары бойынша ақпарат сұратады;
- Клиенттер бойынша қосымша келісімдерді тиісті құрылымдық бөлімшелермен келіседі;
- Клиенттерді мөлшерлемелердің көтерілуі туралы хабардар етеді;
- Іс-шараларды, кездесулерді, келіссөздерді ұйымдастырады, конференциялар мен көрмелерге қатысады, әртүрлі компаниялармен іскерлік байланыстар орнатады, контейнерлік тасымалдар көлемін ұлғайту бойынша бірлескен жұмыс жоспарларын әзірлейді;
- Қоғамның ақпараттық жүйелерінде (ИРС «Тасымалдар», CRM) тасымалдарды жабуды жүзеге асырады, оның ішінде шарттар мен шарт объектілеріне байланыстыруды, іске асыру есептерін жүргізуді, сондай-ақ орындалған жұмыстар актілерін қалыптастыруды, келісуді, клиенттермен қол қоюды және оларды ұсынуды қамтамасыз етеді.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
- Мамандығы: Көлік, көлік техникасы және технологиялары; Логистика; Тасымалдауды ұйымдастыру, қозғалыс және көлікті пайдалану; Менеджмент; Маркетинг; Халықаралық қатынастар; Құқықтану; Халықаралық құқық; Автоматтандыру және басқару және/немесе теміржол мамандықтары.
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 4 жыл.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр