№1 жеткізу қызметінің поштасын сүйемелдеу жөніндегі пошташы
АФ АО «Казпочта» «Алматинский почтамт» Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
- ПББ/ЖҚ/учаскелерінен/«Оңтүстік» ИЛЦ-дан пошта жөнелтілімдерін алып жүруді және алмасуды, жеткізуді, тиеу мен түсіру жұмыстарын жүзеге асырады.
- Поштаны уақтылы әрі сапалы тасымалдауды қамтамасыз етеді, пошта байланысы бөлімшелерімен пошта жөнелтілімдерін алмастырады, тіркелмеген, сондай-ақ тіркелгенімен тапсырылмаған пошта жөнелтілімдері үшін толық жауапкершілік көтереді, олардың маршрут бойынша әрі қарай қозғалысын және жіберудің бақылау мерзімдерінің сақталуын қадағалайды.
- Пошта жөнелтілімдерін қабылдау сәтінен бастап ПББ/ЖҚ/учаскелеріне/«Оңтүстік» ИЛЦ-ға тапсырғанға дейін толық сақталуын қамтамасыз етеді.
- ПББ/ЖҚ/учаскелерінен/«Оңтүстік» ИЛЦ-дан сәлемдемелер мен ыдыстарды жөнелтуді жүзеге асыратын жауапты қызметкерден ф.16 (S, O) жалпы жүкқұжаты мен ф.24 (Т) маршруттық жүкқұжатының дұрыс рәсімделуін қабылдап, тексеруге міндетті.
- Қоса берілетін құжаттар мен ф.24 (Т) маршруттық жүкқұжатын дұрыс әрі ұқыпты рәсімдейді, поштаны қабылдау және тапсыру туралы жазбаларда түзетулер жібермейді.
Талаптары:
-
Жалпы жұмыс өтілі маңызды емес.
Кәсіби саладағы жұмыс өтіліне қойылатын талаптар жоқ.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, ҚР заңнамалық және нормативтік актілері, «Пошта туралы» Заңы, «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңы, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы заң. Іскерлік әдеп кодексі. «Қазпошта» АҚ-ның пошта-қаржылық қызметтерді реттейтін ішкі нормативтік-құқықтық актілері мен құжаттары. Нұсқаулықтар мен пошта қағидалары. ППИ-ді қабылдау, өңдеу және тарату бойынша нормативтік-әдістемелік материалдар және т.б.
Шарттары:
6 күндік жұмыс аптасы, сағат 09-00-ден 18-00-ге дейін.
Түскі үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін.