Ақтау қаласындағы жобалау-сметалық бюроның технологиялық әзірлемелер тобының аға инженері (уақытша, негізгі қызметкердің болмау кезеңінде) «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының Зерттеулер мен әзірлемелер орталығы филиалы
«ҚазТрансОйл» АҚ Астана қ.Міндеттері:
|
1) Ақтау қаласындағы жобалау-сметалық бюро (әрі қарай - ЖСБ) бойынша технологиялық шешімдер бөліміне сызбаларды әзірлеуге қатысу, соның ішінде магистральды мұнай құбырлары, өрт сөндіру (көбіктендіру бөлігінде), жабдықты таңдау және компоновка, технологиялық есептеулерді орындау; жобаның іргелес бөлімдерін әзірлеу үшін тапсырмаларды беру; қабылданған жобалық шешімдерді жобаның басқа бөлімдерімен (бөліктерімен) үйлестіру; жетекші инженердің болмаған уақытында (еңбек демалысы, іссапар, уақытша еңбекке жарамсыздық) оның міндеттерін орындау; 2) жобалау үшін бастапқы деректерді жинауға қатысу, жобалау, құрылыс, объектіні іске қосу және жобалық қуаттарды игеру кезеңінде бекітілген объектілер бойынша техникалық мәселелерді шешу; 3) қолданыстағы нормалар, ережелер, нұсқаулар, техникалық шарттар, кезеңдер, қолданыстағы стандарттар, типтік жобалық шешімдер, қолданыстағы унифицированные конструкциялар, өнімдер, жабдық бөлшектері бойынша талаптарды орындау; 4) өндірісте озық тәжірибені, жаңа техника мен технологияны, рационализаторлық ұсыныстарды, ұйымдастыру-техникалық шараларды және номенклатуралық шараларды енгізу үшін ЖСД әзірлеу; 5) жобаларды әзірлеу кезінде ғылым мен техниканың соңғы жетістіктерін, ең тиімді және экономикалық жобалық шешімдерді пайдалану негізінде жоғары техникалық-экономикалық деңгейін қамтамасыз ету, жаңа техника элементтерін, озық технологияларды енгізу, жаңа, прогрессивті және экономикалық конструкциялар, бөлшектер, тораптар, материалдарды қолдану; 6) жобаның әзірленген бөлімдерінің жоғары техникалық деңгейін қамтамасыз ету, қабылданған шешімдерді жүзеге асыру кезінде материалдық және еңбек шығындарын қысқарту, құжаттаманың сапасын төмендетпей; 7) әзірленген жобалық шешімдердің берілген тапсырмаға сәйкестігін тексеру, жобалау үшін бастапқы деректердің толықтығы мен сапасын тексеру, жобалау тапсырмасын және техникалық шарттарды алу; 8) ЖСБ бойынша жобалар мен жұмыс сызбалары бойынша барлық объектілер мен конструкцияларға қатысты технологиялық және онымен байланысты жобалық шешімдер бойынша авторлық бақылауды жүзеге асыру – құрылыс-монтаждау жұмыстарын жобалық-техникалық құжаттамаға, құрылыс нормалары мен ережелеріне, техникалық шарттарға сәйкестігін бақылау, жобадан ауытқуларды болдырмау мақсатында; 9) әзірленген жобалар мен нормативтік-техникалық құжаттама бойынша ескертулер мен ұсыныстарды қоғамның мамандарымен қарастыру және келісу; 10) жобалау тапсырмалары мен техникалық шарттар бойынша ескертулер мен ұсыныстарды қоғамның мамандарымен және мұнай құбырлары басқармаларымен жобалау кезінде қарастыру және келісу; 11) технологиялық әзірлемелер тобы әзірлеген ЖСД бөлімдерін сараптамадан өткізу және келісу, бақылаушы және қадағалаушы мемлекеттік және аккредиттелген ұйымдармен, бақылаушы және қадағалаушы органдардың ұсыныстарына жауаптар дайындау, ЖСД түзету; 12) өз біліктілігін арттыру бойынша тұрақты жұмыс, семинарлар, конференциялар мен көрмелерге қатысу, ғылыми-техникалық институттармен және жобалау ұйымдарымен шығармашылық байланыстарды қолдау; 13) қауіпсіздік және еңбек қорғау, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау немесе электр қауіпсіздігі саласындағы ережелер мен нұсқаулардың бұзылуы жұмысшылардың денсаулығына немесе өміріне қауіп төндіретін жағдайларда жұмысты тоқтату; 14) тікелей басшы мен қоғамның және филиалдың ішкі құжаттарымен жүктелген басқа міндеттерді орындау. |
|
Қосымша ақпарат: 1) міндетті түрде - инженерлік желілер мен құрылыстар (мұнай және газ)/ технологиялық жабдықтар бойынша жетекші инженер-проектировщик мамандығы бойынша біліктілік аттестатының болуы. 2) технологиялық процестің негізгі параметрлерін анықтайтын есептеулер жүргізу, технологиялық процесте қатысатын жабдықты таңдау, құбыр желілерінің және магистральдардың бойлық профильдерін құрастыру қабілеті; 3) техникалық құжаттаманы оқу үшін жеткілікті көлемде ағылшын тілін білу; 4) авторлық бақылауды жүргізу тәжірибесі. |
Талаптар:
|
Еңбек міндеттерін орындау үшін қажетті білім: |
|
1) өндіріс технологиясының негіздері; 2) Қазақстан Республикасының заңнамалық, нормативтік құқықтық актілері және қоғамның қызмет түріне қатысты басшылық материалдар, жоғары тұрған органдардың қаулылары, бұйрықтары, жобалау және құрылыс мәселелері бойынша әдістемелік нұсқаулар; 3) мұнай-газ саласының даму бағыттары; 4) құрылыс үшін жобалық құжаттама жүйесі; 5) жобалаудың тәсілдері мен әдістері; 6) қоршаған табиғи ортаны қорғау бойынша талаптар; 7) республикалық және салалық стандарттар, техникалық шарттар және өз мамандығы бойынша басқа нормативтік және басшылық материалдар; 8) еңбек заңнамасы, ішкі еңбек тәртібі, қауіпсіздік техникасы және еңбек қорғау, өндірістік санитария, Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі талаптары; 9) мемлекеттік тілдің базалық деңгейі СТ РК 1928-2023 сәйкес. |
|
Еңбек міндеттерін орындау үшін қажетті дағдылар: |
|
1) әріптестермен ынтымақтастық; 2) есептеу техникасы, коммуникация және байланыс құралдарын пайдалану; 3) AutoCAD, MS Office және басқа арнайы бағдарламалық өнімдерді білу; 4) Қазақстан Республикасының заңнамалық және басқа нормативтік құқықтық актілерін, архитектура, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерді қолдана білу. |
Жағдайлар:
Күн сайын 8 сағат, 5 күндік жұмыс аптасында 2 демалыс күні, сенбі және жексенбі
Ақтау қаласы
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Орташадан жоғары)
Ұқсас вакансиялар