Павлодар мұнай құбыры басқармасының өндірістік қызмет көрсету базасының бастығы (вахта емес)
«ҚазТрансОйл» АҚ Павлодар қ.- Құрылған күні:
-
29.05.2026
- Берілген өтінім:
- 4
- Қаралған саны:
- 390
Міндеттері:
-
1) БПО-ның өндірістік-шаруашылық қызметін басқару;
2) цехтарды материалдық-техникалық және көлік құралдарымен қамтамасыз ету бойынша басқаруды жүзеге асыру;
3) БПО-ға бекітілген арнайы техниканы, еңбек сыйымдылығы жоғары жұмыстарды механизациялау үшін агрегаттарды, құралдарды және құрылғыларды тиімді пайдалану, олардың уақытында жаңартылуын ұйымдастыру;
4) жабдықтың істен шығуымен байланысты апаттардың алдын алу үшін қажетті шараларды қабылдау;
5) БПО-ның негізгі өндірістік объектілермен нақты және келісілген жұмысын қамтамасыз ету;
6) жөндеу техникасы мен технологиясын жетілдіру, жаңа техниканы енгізу, еңбек сыйымдылығы жоғары жұмыстарды диагностикалау және механизациялау құралдарын енгізу, еңбек ұйымдастыру және өндірісті ұйымдастыруды жетілдіру бойынша шараларды әзірлеу жұмыстарын жүзеге асыру;
7) эксплуатациялық жабдықтың сенімділігі, сапасы, конструктивтік кемшіліктері, жөндеуге жарамдылығы бойынша көрсеткіштерді талдау жүргізуді ұйымдастыру;
8) жабдықты пайдалану және жөндеу кезінде қауіпсіз және қолайлы еңбек жағдайларын жасау бойынша шараларды енгізу және қамтамасыз ету, БПО-ның өндірістік объектілерінде апаттардың, инциденттердің және еңбек жарақаттарының алдын алу бойынша ұйымдастырушылық-техникалық шараларды жүзеге асыру;
9) БПО-ның цехтарында және негізгі өндіріс объектілерінде еңбек қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау ережелері мен нормаларын сақтауын қамтамасыз ету;
10) өзіне жүктелген учаскедегі материалдық құндылықтардың қабылдануын, дұрыс сақталуын және тиімді пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру;
11) БПО-ның өндірістік объектілерінде жоғары қауіпті, газ қауіпті және отты жұмыстарды қауіпсіз жүргізуді ұйымдастыру;
12) материалдық-техникалық ресурстарды, отынды, майлау материалдарын, электр энергиясын және басқа да ресурстарды үнемді жұмсау бойынша шараларды әзірлеуді қамтамасыз ету;
13) БПО-ның шаруашылық қызметін талдау жүргізу;
14) белгіленген есептілікті уақытында ұсынуды қамтамасыз ету;
15) Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерінің және еңбек қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау, жол қозғалысы қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі, санитария және гигиена бойынша жұмыс берушінің актілерінің талаптарын сақтай отырып, БПО-ның учаскелері мен қызметтерінің жұмысын ұйымдастыру;
16) өндірістік қызмет көрсету ұйымдастыру саласындағы озық тәжірибені зерттеу, жинақтау және тарату жұмыстарын жүзеге асыру;
17) тікелей басшының және Қоғамның ішкі құжаттарының жүктеген басқа міндеттерін орындау.
18) алкогольдік немесе есірткілік масаңдық күйінде жұмысқа жібермеу;
19) тікелей басшының және Қоғамның ішкі құжаттарының жүктеген басқа міндеттерін орындау.
20) өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге әсер ететін жағдайлар өзгерген жағдайда, ОПБ, ОТ және ОС-ға қауіпті өндірістік объектілер туралы ақпаратты уақытында ұсыну.
Талаптар:
- Сәйкес бағыт бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім
- кәсіби салада кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі
Шарттар:
- 5 күндік жұмыс аптасында 8 сағаттық жұмыс күні, қалыпты еңбек жағдайлары
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Орташа)
- Орыс тілі (Орташа)
Ұқсас вакансиялар