«KTZ Express» АҚ - «KTZE Commerce» филиалының (Алматы қ.) аймақтық өкілі
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Күн сайын ресімделген кедендік декларациялар бойынша олардың санын, түрлерін және өңдеу мәртебесін белгілей отырып, есеп жүргізеді.
- Ресімделген декларациялар бойынша ай сайынғы есепті қалыптастырады және ұсынады, динамиканы талдайды, үрдістерді анықтайды және ықтимал жақсартуларды ұсынады.
- Орындалған жұмыстардың көлемін, операциялардың тиімділігін және қол жеткізілген нәтижелерді көрсететін филиал қызметінің негізгі көрсеткіштері бар ай сайынғы дашборд әзірлейді және ұсынады.
- Талдамалық жиынтықтар мен дашбордтарды жүргізеді, филиал көрсеткіштерінің мониторингін жүзеге асырады, проблемалық аймақтарды анықтайды және оларды оңтайландыру стратегиясын ұсынады.
- Тұрақты негізде маркетингтік зерттеулер жүргізеді, нарықты талдайды, бәсекелестерді зерделейді, филиалды дамыту үшін жаңа мүмкіндіктерді анықтайды.
- Жаңа клиенттерді тартуға және филиалдың танымалдылығын арттыруға бағытталған маркетингтік стратегияларды әзірлейді және іске асырады.
- Корпоративтік Instagram-аккаунт жүргізеді, контент жариялайды, компанияның имиджін жақсартады.
- Филиалдың қызметіне арналған бейнероликтерді түсіруді ұйымдастырады және жүргізеді.
- Хаттамалық тапсырмалар бойынша есептілік жүргізеді, орталық аппараттың мәжілістері үшін материалдар дайындайды, шешімдер мен бастамалардың орындалуын қадағалайды.
- Кеңестерге, конференцияларға және салалық іс-шараларға қатысады, мемлекеттік органдармен және бизнес-қоғамдастықпен өзара іс-қимылды қолдайды.
- Нарықты үнемі талдайды, жаңа өсу нүктелерін және филиал дамуының перспективалық бағыттарын анықтайды.
- Клиенттердің қажеттіліктерін қадағалайды және нарықтың өзгермелі жағдайларына сәйкес филиалдың стратегиясын жедел бейімдейді.
- МӨЖ-де әкімшінің жұмысын жүргізу.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
- Мамандығы: Логистика (терминалдық-қойма қызметі); Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану; Коммерциялық қызмет (теміржол көлігінде); Көлік, көлік техникасы және технологиялары; Экономика; Құқықтану; Менеджмент; Аймақтану; Халықаралық қатынастар.
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 4 жыл.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
Ұқсас вакансиялар