«KTZ Express» АҚ «KTZE Солтүстік» филиалының цифрландыру және AI енгізу бөлімінің бас маманы
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Құрылымдық бөлімшелердің бизнес-процестерін цифрландыру және AI-шешімдерін енгізу мүмкіндіктерін анықтау үшін талдауды жүзеге асырады;
- Цифрландыру және AI-ды енгізу стратегиясын әзірлеу мен өзектендіруге қатысады;
- AI құралдарын қолдана отырып, Қоғамның ақпараттық жүйелеріне қойылатын функционалдық және техникалық талаптарды қалыптастырады;
- Цифрландыру және AI-шешімдерін іске асыру бойынша әзірлеушілермен, архитекторлармен және мердігерлермен өзара іс-қимыл жасайды;
- Қоғамның бизнес-процестеріне AI шешімдерін енгізуді сүйемелдейді;
- Енгізілген цифрлық және AI-шешімдерінің тиімділігіне мониторинг жүргізеді.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
- Мамандығы: Автоматтандыру және басқару; Ақпараттық жүйелер; Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету; Математикалық және компьютерлік модельдеу; Информатика; Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар; Цифрлық технологиялар; Математика; Қолданбалы математика және информатика; Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (теміржол көлігі); Есеп және аудит; Экономика; Менеджмент; Қаржы; Логистика; Маркетинг.
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет саласы бойынша кемінде 1 жыл.
Қосымша талаптар:
- Цифрландыру және AI-шешімдерін енгізу бойынша жобаларды іске асыру тәжірибесі;
- Автоматтандырудың, деректер аналитикасының және жасанды интеллектің заманауи технологияларын білу;
- Бизнес-процестерді талдау және оңтайландыру дағдылары;
- Жобаларды басқару және ішкі, сыртқы тапсырыс берушілермен өзара іс-қимыл жасау дағдылары.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
Ұқсас вакансиялар