«KTZ Express» АҚ Ақпараттық технологиялар және цифрландыру департаментінің техникалық сүйемелдеу тобының бас менеджері
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
- Жетекшілік ететін жобаларға өзгерістер дайындайды және енгізеді;
- Қоғамның қызметін регламенттейтін нормативтік техникалық құжаттаманы қайта өңдеу, келісу және бекіту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруға (өз құзыреті шеңберінде) қатысады;
- Желілер мен байланыстарды ұйымдастыру қызметтерін жеткізушімен/әзірлеушімен техникалық мәселелерді пысықтайды (байланыс желілері мен жабдықтары қызметтерін жеткізушімен/әзірлеушімен жұмыс жүргізеді);
- Қоғам қызметкерлері, филиалдар мен әзірлеушілер арасындағы байланысты қамтамасыз етеді, келіссөздерге қатысады, жүйені пысықтау және дамыту жөніндегі міндеттердің орындалуын қалыптастырады және бақылайды;
- Антивирустық БҚ әкімшілерімен жұмыс жүргізеді (ОА пайдаланушыларына техникалық қолдау көрсету қызметі мамандарының жұмысын үйлестіреді, телекоммуникация және Интернет желісіне қол жеткізу қызметтерін жеткізушілердің жұмысын әкімшілендіреді);
- Қоғамның ақпараттық жүйелерінің, желілері мен жабдықтарының жұмысын бақылайды;
- Жүйелердің өнімділігін, қол жетімділігі мен сенімділігін бақылайды және өнімділіктен туындайтын мәселелерді анықтайды және шешеді;
- "Евридок" электрондық құжат айналымы жүйесін басқарады;
- DNS хостингіндегі ресурстық жазбаларды басқарады;
- IT жүйелеріне техникалық сүйемелдеуді жүзеге асырады.
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
- Мамандығы: Автоматтандыру және басқару; Ақпараттық жүйелер; Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету; Математикалық және компьютерлік модельдеу; Информатика; Радиотехника, электроника және телекоммуникация; Математика; Қолданбалы математика және информатика; Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (теміржол көлігі); Есеп және аудит; Экономика; Менеджмент; Логистика; Маркетинг.
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 4 жыл.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
Ұқсас вакансиялар