Шымкент сигнализация және байланыс дистанциясы Манкент-Қызылсай станциясының СОБ аға электромеханигі
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
1. өзінің құзіретінің шегінде, күтімге алатын теміржол телімінің шекарасы бойынша поездардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді2. бекітілген тәртіппен бекітілген техникалық күтімге алудың жоспар-кестесі және басқа да жоспарлар бойынша электромеханиктер мен электромонтерлардың жұмысын ұйым-дастырады, СОБ құрылғыларының дұрыс және іркіліссіз жұмысын қамтамасыз етеді;
3. СОБ құрылғыларының жағдайын, жұмыстарды орындау және ресімдеу ережесін электромеханиктер мен электромонтерлардың сақтауын тексереді:
- теміржол станцияларында: сонымен қатар ол жерлерге орналасқан екі аралықтарда – айына кемінде бір рет;
- екі аралықтарда – жылына кемінде екі рет;
- екі аралықтарда орнатылған, өткелдердегі автоматика құрылғылары – тоқсанына кемінде бір рет.
4. СОБ құрылғыларын тексеру қорытындыларын сәйкес журналдарға және есепке алу карточкасына жазады, өткелдердегі автоматиканы қоса жазады;
5. Поездар қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар туралы күн сайын электромеханиктермен нұсқаулық жүргізеді, СОБ құрылғыларын техникалық күтімге алу және жөндеу бойынша жұмыстарды дұрыс орындауы бойынша олардың білімін тексереді
6. СОБ құрылғыларының жағдайын комиссиялық тексеру және жекелей тексеру қорытындысы бойынша анықталған және актілерде белгіленген, тексеру журналдарында және басқа да құжаттардағы белгіленген кемшіліктерді электромонтерлардың уақытылы жоюын ұйымдастырады және практикалық көмек көрсетеді, сонымен қатар СОБ құрылғыларының жұмысының сенімділігін арттыру жұмыстарын және істен шығу оқиғаларының қайталануын болдырмауға бағытталған және іс-шараларды жүзеге асыруын орындайды. Теміржол станцияларындағы СОБ құрылғыларының айлық және басқа да комиссиялық тексеруіне қатысады;
7. күтімге алу телімінің іс-әрекеттегі СОБ құрылғыларының электрлі сұлбасына өзгерістер енгізумен байланысты жұмыстарды басқарады және олардың орындалуына тікелей өзі қатысады;
8. өзінің цехының шегіндегі СОБ құрылғыларын қайта құру барысында (бригадалар) қолданыстағы нұсқаулар мен ережелерге сәйкес құрылыс-монтаждау жұмыстарының орындалуының сапасын тексерді;
9. электромеханиктер мен электромонтерларға істен шығуларды іздеп табу және жою әдістерін тәжірибе түрінде үйретеді, сонымен қатар сигнализация және байланыс дистанциясының басшылығымен бекітілген, жоспар бойынша СОБ құрылғыларын күтімге алудың іс-әрекеттегі нұсқаулығы мен технологиясын оқытып үйретеді;
10. жұмыстарды орындауға арналған және қорда сақталып тұрған қажетті құралдардың, материалдардың, қажетті бөлшектердің, саймандардың және өлшеу құралдарының бар болуын, сақталуын және жұмысқа жарамдылығын қадағалайды, оларды толтыру және ауыстыру бойынша шараларды уақытылы қабылдайды, электромеханиктерде сұлбалардың, нұсқаулардың және басқа да техникалық құжаттардың бар болуына және ұқыпты ұсталуын тексереді.
Біліктілік талаптары:
1.Білімі: жоғары, кәсіптік орта, арнайы орта, бекітілген бағдарлама бойынша арнайы дайындық.
- Мамандығы: Теміржол көлігіндегі автоматика, телемеханика және байланыс. Радиобайланыс және хабар тарату. Теміржол көлігіндегі радиобайланысты және сигнал беруді пайдалану. Автоматизация және басқару. Радиотехника, электроника және телекоммуникация. Теміржол көлігіндегі автоматика, телемеханика и қозғалысты басқару. Байланыс желісі және коммуникациялар жүйесі. Радиоэлектроника және байланыс.
- Мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі: білімі жоғары болғанда жұмыс өтілі 2 жылдан кем емес; білімі кәсіптік орта болғанда электромонтер қызметі бойынша еңбек өтілі кем дегенде 3 жыл, соның ішінде электромеханик қызметінде – 2 жыл.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Орташа білім
- Техникалық және кәсіптік білім беру
- Колледж
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Кәсіби)
- Орыс тілі (Озат)