Хатшы-референт (аутстаффинг)

«QazaqGaz» ҰК» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
27

Қаралған саны:
273

   Конкурс туралы
Ұйым немесе оның бөлімшесі басшысының жұмысын қамтамасыз ету және қызмет көрсету бойынша техникалық функцияларды орындау. Басшыға бөлімшелерден немесе орындаушылардан қажетті мәліметтерді алу, оның тапсырмасы бойынша қызметкерлерді шақыру. Басшының телефон арқылы сөйлесуін ұйымдастыру, телефонограммаларды қабылдау және беру, ол болмаған кезде қабылданған хабарламаларды жазу және олардың мазмұнын басшының назарына жеткізу. Басшы өткізетін отырыстар мен кеңестерді дайындау жөніндегі жұмысты жүзеге асыру (қажетті материалдарды жинау, қатысушыларды отырыстың немесе кеңестің уақыты, орны, күн тәртібі туралы хабардар ету, оларды тіркеу), хаттамаларды жүргізу және ресімдеу. Басшының жұмыс орнын кеңсе құралдарымен, ұйымдастыру техникасы құралдарымен қамтамасыз ету, басшының тиімді жұмыс істеуіне ықпал ететін жағдайлар жасау. Іс қағаздарын жүргізу, басшының атына келіп түсетін хат-хабарларды қабылдау, Қоғамда қабылданған тәртіпке сәйкес оны жүйелеуді жүзеге асыру және оны қарағаннан кейін олардың жұмыс процесінде пайдалану немесе жауап дайындау үшін орындаушыларға беру. Басшының тапсырмаларын орындау мерзімдерін мониторингілеу. Құжаттарды басшыға қол қоюға жолдау. Келушілерді қабылдауды ұйымдастыру, қызметкерлердің өтініштері мен ұсыныстарын жедел қарауға жәрдемдесу. Бекітілген номенклатураға сәйкес істі қалыптастыру, олардың сақталуын қамтамасыз ету және құжаттарды белгіленген мерзімде мұрағатқа тапсыру. Көбейту техникасында көбейту үшін құжаттарды дайындау, жеке көшіру аппаратында құжаттарды көшіру. Қоғамның бекітілген ішкі нормативтік актілеріне бағыну.
Талаптар:

жоғары немесе орта арнаулы (экономикалық, заңгерлік және/немесе педагогикалық)

Жалпы жұмыс өтілі: 2 жылдан кем емес.

Мемлекеттік тілді, ережелерді, нұсқаулықтарды, іс қағаздарын жүргізу жөніндегі басқа да басшылыққа алынатын материалдар мен нормативтік құжаттарды, Қоғамның және оның бөлімшелерінің құрылымын және басшы құрамын білу, машинкамен басу дағдыларын меңгеру, орфография және пунктуация ережелерін, түрлі құжаттарды басу кезінде материалдың орналасу тәртібін, үлгілік нысандарды пайдалана отырып, іскерлік хаттарды басу ережелерін, компьютерді, факсті пайдалану ережелерін білу өзге де ұйымдастыру техникалары. Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасының негіздерін білу, ішкі еңбек тәртібі ережелерін, еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын сақтау.

Шарттар:
ҚР КК сәйкес аутстаффинг секторына ресімдеу.
Сынақ мерзімі - 3 ай.
Бес күндік жұмыс аптасы, екі демалыс күнімен - сенбі және жексенбі.