«Ембімұнайгаз» АҚ «Қайнармұнайгаз» МГӨБ Кенбай мұнай және газ өндіру цехының механигі

«Ембімұнайгаз» АҚ Атырау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Вахталық әдіс
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
131

Қаралған саны:
1127

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттемелер:

  1. Мұнай кәсіпшілігі жабдықтарының дұрыс пайдаланылуын және сенімді жұмысын қамтамасыз ету;
  2. Жабдықтардың, жекелеген бөлшектер мен тораптардың мерзімінен бұрын тозу себептерін анықтау мақсатында олардың жұмыс жағдайларын зерттеу;
  3. Жабдықтардың монтаждалу сапасын бақылау;
  4. Жабдықтардың жұмысын, қосалқы бөлшектер мен материалдардың шығынын алғашқы есепке алуды жүргізу;
  5. Барлық жабдықтардың бар-жоғы және техникалық жай-күйі туралы есептердің жасалуын қамтамасыз ету;
  6. Жанармай мен майлау материалдары шығыны нормаларының сақталуына бақылау жасау;
  7. Белгіленген есептілікті жүргізу;
  8. Жабдықтарды жаңғырту (модернизациялау) және жөндеу қызметінің үнемділігін арттыру бойынша жұмыстар жүргізу;
  9. Күнтізбелік жоспарларды, жабдықтарды қарап тексеру және жөндеу кестелерін, күрделі жөндеуді орталықтандырылған түрде орындауға, жоспарлы-алдын алу және ағымдағы жөндеу жұмыстарына қажетті материалдарды, қосалқы бөлшектерді, құрал-саймандарды және т.б. алуға өтінімдер дайындауды ұйымдастыру;
  10. Жаңа жабдықтарды қабылдау мен орнатуға, жұмыс орындарын аттестаттау мен ұтымды ұйымдастыруға, тиімділігі төмен жабдықтарды өнімділігі жоғары жабдықтармен жаңғыртуға және ауыстыруға, ауыр қол еңбегі мен көп еңбекті қажет ететін жұмыстарды механикаландыру құралдарын енгізуге қатысу;
  11. Жабдықтардың, жекелеген бөлшектер мен тораптардың мерзімінен бұрын тозу себептерін анықтау мақсатында олардың жұмыс жағдайларын зерттеу;
  12. Механизмдердің тораптары мен бөлшектерін жөндеу және қалпына келтіру әдістерін әзірлеу және енгізу, сондай-ақ жабдықтардың қызмет ету мерзімін ұзарту, олардың бос тұрып қалуын азайту және ауысымдылығын арттыру, авариялар мен өндірістік жарақаттанудың алдын алу бойынша іс-шаралар жасау.



Талаптар:

Білімі (мамандық/біліктілік) : жоғары кәсіби (техникалық) білімі
Қызмет профилі бойынша жұмыс тәжірибесі: өндірісте 3 жылдан кем емес (қызмет бағытына қарай)
Басқару тәжірибесі: талап етілмейді
ҚМГ компаниялар тобында/мұнай газ саласында жұмыс тәжірибесі : 3 жылдан кем емес


Лауазымдық міндеттемелерді орындау үшін қажетті білім:

  1. Қызметтік міндеттерін орындауға қажетті деңгейде мемлекеттік тілді меңгеру;
  2. Қысыммен жұмыс істейтін жабдықты пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары.
  3. Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары.
  4. Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері және жөндеу қызметін ұйымдастыру бойынша әдістемелік материалдар;
  5. Жабдықтардың паспорттарын, пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарды, ақаулық ведомостарын және қосалқы бөлшектерге арналған спецификацияларды жасау қағидалары;
  6. МЕМСТ-тарды (ГОСТ), техникалық шарттарды және жөндеуден кейін жабдықты қабылдау қағидаларын білу;
  7. Кен орындарында жабдықтарды пайдалану кезіндегі экологиялық стандарттар;
  8. «Ембімұнайгаз» АҚ-да мұнай кәсіпшілік жабдықтарына» техникалық қызмет көрсету және жөндеу ережелері;
  9. Еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі ормаларының қағидалары.

 

Лауазымдық міндеттемелерді орындау үшін қажетті дағдылар:

  1. MS Office (SAP, 1 C, Word, Excel, PowerPoint, Outlook, DirectumRX) қолданбалы бағдарламалар пакетінде жұмыс істеу дағдыларының деңгейі;
  2. Іскерлік хат алмасу дағдыларының болуы;
  3. Командада жұмыс істеу.

 

Жұмыс шарттары:
Жұмыс орны: «Қайнармұнайгаз» МГӨБ-сы
Жұмыс кестесі – вахталық әдіс
Әлеуметтік пакет
Медициналық сақтандыру