"Батыс" жолаушылар тасымалы жөніндегі аймақтық филиалынын кадр бөлімінің 1 санатты технигі

от 302 847
Региональный филиал по пассажирским перевозкам "Западный" Ақтөбе облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
5

Қаралған саны:
25

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:


  1. еңбек шарттарын жасау және рәсімдеу, қызметкерлердің жеке істерін жүргізу, Т-2 нысанындағы жеке карточкаларды жүргізу және есепке алу, жұмысқа қабылдау, демалыс беру, ауыстыру, уақытша болмаған қызметкерлердің міндеттерін атқаруды жүктеу, бекітілген учаске бойынша тегін өзгерту туралы бұйрықтарды рәсімдеу. Аталған бұйрықтарды белгіленген нысандағы кітаптар мен журналдарда тіркеу;
  2. Филиалдың бекітілген учаскесі қызметкерлерінің медициналық куәландырудан өту кестесін және демалыс кестесін жасау әрі олардың сақталуын бақылау;
  3. бекітілген учаскелер қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтармен танысуын және олардың дұрыс рәсімделуін бақылау;
  4. жұмыс істемейтін зейнеткерлер мен Ұлы Отан соғысына қатысушылардың есебін жүргізу;
  5. Филиалдың әскери міндетті қызметкерлерінің есебін жүргізу;
  6. кадрлар бөлімі бойынша іс жүргізу құжаттамасының барлығын рәсімдеу;
  7. аттестаттау бойынша есептердің жиынтығын дайындау;
  8. кадрлар бөлімінің бастығының жекелеген тапсырмалары мен қызметтік сипаттағы нұсқауларын орындау;
  9. «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамындағы Құжаттау қағидаларының (ЭҚЖ/СЭД) талаптарын сақтау;
  10. «Қазпошта» бойынша шарттарды және пошта жөнелтілімдерін жүргізу.

Біліктілік талаптары:


Білімі:
орта (техникалық және кәсіптік).

Мамандығы:
Тасымалдауды ұйымдастыру, қозғалыс және көлікті пайдалану (теміржол көлігі);
Экономика;
Қаржы;
Менеджмент;
Психология;
Құқықтану;
Еңбекті ұйымдастыру және нормалау;
Мемлекеттік және жергілікті басқару.

Жұмыс тәжірибесі:
теміржол саласында кемінде 2 жыл.

Қосымша талаптар:


Білуге міндетті:

  1. Қазақстан Республикасының «Теміржол көлігі туралы», Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, «Акционерлік қоғамдар туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Табиғи монополиялар туралы», «Қауіпсіздік және еңбекті қорғау туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдары, «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы мен оның еңбек ұжымы арасындағы Ұжымдық шарт, сондай-ақ кадр жұмысы мәселелері бойынша өзге де нормативтік құқықтық актілер, оның ішінде еңбек шарттарын жасасу, жеке құрамды есепке алу, еңбек кітапшаларын жүргізу және сақтау, кадр қозғалысын есепке алу тәртібі, есептілік жасау, жалпы еңбек өтілін және теміржол көлігіндегі жұмыс өтілін анықтау, қызметкерлерді кәсіптік оқыту және олардың біліктілігін арттыру мәселелері;
  2. филиалдағы кадрлық іс жүргізу тәртібін, кадрлық құжаттарды компьютерлік өңдеу тәсілдерін;
  3. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Компания), Қоғамның кадр жұмысына қатысты жергілікті актілері мен нұсқаулықтарын.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Орташа білім

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Озат)
  • Орыс тілі (Озат)