"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Магистральдық желінің Жамбыл бөлімшесі" филиалының Жамбыл материалдық-техникалық жабдықтау базасының жетекші инженері
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Бас инженер дәрежесіндегі техникалық қызметтердің жұмысын басқару;
- материалдарды және ТМҚ сапалы қабылдауды және босатуды ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
- ТМҚ қабылдау актісінің дұрыс ресімделуін бақылауды жүзеге асыру;
- вагондардың, контейнерлердің, автокөлік құралдарының белгіленген нормалардан тыс тұрып қалуына жол бермей, оларды уақтылы, толық және сапалы тиеу мен түсіруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
- ОЭР шығыстарын нормалау және есепке алу бойынша электр энергиясы мен отын ресурстарын ұтымды пайдаланғаны үшін жауаптылықта болу;
- базада ТМҚ жыл сайынғы түгендеуді дайындауды және жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
- өрт сөндіру қалқандарының өрт сөндіру мүкәммалымен жинақталуын және өрт сөндіру қалқандарының жұмыс техникалық жай-күйін ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
- Белгіленген тәртіппен оларды айналымға тарту шараларын қабылдау үшін жоғары тұрған ұйымның басшылығына ұсына отырып, моральдық жағынан ескірген және артық материалдардың, жабдықтардың, қосалқы бөлшектер мен бұйымдардың нормативтен тыс қалдықтарын анықтау;
- база қызметкерлерінің қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғауды, өрт қауіпсіздігі мен электр қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- қауіпсіздік техникасы, еңбекті қорғау жөніндегі барлық талаптардың, қағидалардың, нұсқаулықтардың және басқа да нормативтік құжаттардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
- техникалық құрылыстардың, қазандық қадағалау объектілерінің барлық түрлеріне ақау актілерін жасауды және негізгі құралдарды есептен шығаруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
- көпір кранына, кран жолдарына, алмалы-салмалы жүк қармауыш құрылғылар мен ыдыстарға тұрақты жеке тексеру жүргізу, көпір кранының жеке қорғаныш құралдарымен және жарамды құралмен жабдықталуы.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
- Мамандығы: Көлік, көліктік техника және технология; Вагондар; Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (темір жол көлігі); Құрылыс (Темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы).
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 1 жыл.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр