"ҚТЖ-Жүк тасымалы"ЖШС-"Семей"филиалының Өскемен-1 сыныптан тыс станциясының 2 санатты инженер-технологы

от 306 493
НОД-6 (Семейское отделение ГП) Шығыс Қазақстан облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
149

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттері:
  • Материалдарды, хаттамалар мен бұйрықтарды толық ресімдей отырып, БҚҚБ-дағы БҚҚБ міндеттерінің хабарламаларын және деректерді БҚ ақпараттық-техникалық бөліміне беруді кешіктіруге талдау жасау;
  • Белгіленген айлық тапсырма негізінде станциялар бойынша статистикалық жүктеменің орындалуын және Шығыс Қазақстан өңірі бойынша жүктер номенклатурасының әрбір түрін бақылауды жүзеге асырады;
  • Өскемен өңірі бойынша түсіру бойынша негізгі өлшеуіштердің есебін жүргізеді;
  • Хаттарға жауаптар дайындайды, өз міндеттеріне қатысты хат-хабарлардың есебін жүргізеді;
  • Жүк алушылардың кінәсінен тоқтап тұрған вагондарды уақтылы түсіруді қамтамасыз ету бойынша кәсіпорындармен хат алмасуды жүргізеді;
  • Өскемен өңірі бойынша ҚХР тағайындауымен жүктерді тиеу жоспарын орындау бойынша анықтама дайындайды;
  • Ай сайын жаңа клиенттерді тарта отырып және жүктерді теміржол көлігімен жаңа бағыттарға тией отырып, қосымша көлемдер бойынша талдайды және есепке алуды жүргізеді. 
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) / орта (техникалық және кәсіптік)
  • Мамандығы: Көлік, көліктік техника және технологиялар; Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану / Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану; Темір жолдардың жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету (түрлері бойынша)
  • Жұмыс тәжірибесі: маневрлік (станциялық) диспетчер/станция бойынша кезекші/орталықтандыру станциясының кезекшісі/ парк бойынша кезекші/сұрыптау төбесі бойынша кезекші лауазымдарында кемінде 1 жыл. /маневрлік (станциялық) диспетчер/станция бойынша кезекші/ орталықтандыру станциясының кезекшісі/парк бойынша кезекші / сұрыптау төбесі бойынша кезекші лауазымдарында кемінде 5 жыл.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Колледж