«ҚазГӨЗ» ЖШС Бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика цехының қоймашысы.

«Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС Жаңаөзен қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
90

Қаралған саны:
997

   Конкурс туралы

«ҚазГӨЗ» ЖШС Бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика цехының қоймашысына қойылатын біліктілік талаптары

Білім деңгейі:
Тиісті мамандық бойынша орта және/немесе жоғары білім.

Білім беру бейіні:
Экономика және бухгалтерлік есеп.

Еңбек өтілі:
Еңбек жөніндегі техник лауазымындағы жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білімдер мен дағдылар

Міндетті:

• Жұмысшылар мен қызметкерлердің кәсіпорында нақты болған уақытын анықтау мақсатында табельдік есеп жүргізу.
• Қоймаға әртүрлі материалдық құндылықтарды (отын, шикізат, жартылай фабрикаттар, дайын өнімдер, бөлшектер, құрал-саймандар және т.б.) қабылдау, өлшеу, сақтау және беру.
• Материалдар мен өнімдердің бүлінуі мен жоғалуын болдырмау мақсатында олардың сақталуын ұйымдастыру.
• Қоймадағы материалдық құндылықтардың есебін жүргізу және олардың қозғалысы бойынша есептік құжаттаманы рәсімдеу.
• Цех басшылығының тапсырмасы бойынша біржолғы тапсырмаларды орындау.
• Өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, еңбек қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау талаптарының бұзылуы адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайларда жұмысты тоқтату, сондай-ақ алкогольдік немесе есірткілік масаң күйдегі қызметкерлерді жұмысқа жібермеу.

Білуге міндетті:

• Қойма шаруашылығын жүргізуге қойылатын талаптарды;
• Қоймадағы материалдық құндылықтарды есепке алу, сақтау және қозғалысын ұйымдастыру талаптарын, сондай-ақ оларға қатысты ілеспе құжаттарды рәсімдеу қағидаларын;
• Технологиялық құжаттарға сәйкес әртүрлі материалдық құндылықтарды топтастыру талаптарын;
• Жұмыс құралдарының, аспаптардың және құрылғылардың жұмысқа жарамдылығын тексеру тәсілдерін;
• Қоймалық өлшеу құралдарын, құрылғылар мен механизмдерді пайдалану талаптарын;
• Өнімдер мен шикізатты тиеу, түсіру және сақтау кезінде бүлінуден қорғау тәсілдерін;
• Түгендеу жүргізу талаптарын;
• Материалдарды сақтау және қойма мен қызметтік үй-жайларды ұстау бойынша өрт қауіпсіздігі талаптарын;
• Улы, өрт және жарылыс қаупі бар материалдарды, отынды және жағармайларды сақтау және тасымалдау кезінде еңбек қауіпсіздігі талаптарын;
• Табельдік есепті жүргізу жөніндегі нормативтік құжаттарды, нұсқаулықтарды және ережелерді;
• Кәсіпорын мен оның бөлімшелеріндегі ауысымдық жұмыс кестелері мен жұмыс уақыты режимін;
• Іс жүргізуді ұйымдастыру тәртібін;
• Ішкі еңбек тәртібі қағидаларын және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының негіздерін;
• Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария, өрт және газ қауіпсіздігі талаптарын;
• «1С: Кәсіпорын» бағдарламасында табельдік есеп жүргізуді;
• Еңбекақы төлеудің қолданыстағы жүйелері мен материалдық ынталандыру нысандарын, табельдік есеп жүргізу тәртібін;
• Газдарды дайындау және өңдеу жөніндегі қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік қағидаларын;
• Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын;
• «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентін;
• Қазақстан Республикасының «Еңбек кодексін», «Экологиялық кодексін», «Азаматтық қорғау туралы» Заңын;
• «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еңбекті қорғауды басқарудың бірыңғай жүйесін (ЕҚББЖ);
• Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы «Өмірлік маңызды қағидалар» корпоративтік стандартын;
• «Қазақстан үшін 1С Кәсіпорынды басқару 2 платформасындағы HR функционалдық модулі» корпоративтік ақпараттық жүйесінде жұмыс істеуді.Лауазымдық міндеттері:

• Қоймаға әртүрлі материалдық құндылықтарды (отын, шикізат, жартылай фабрикаттар, дайын өнімдер, бөлшектер, құрал-саймандар және т.б.) қабылдау, өлшеу, сақтау және қоймадан беру.

• Қабылданатын материалдық құндылықтардың ілеспе құжаттарға сәйкестігін тексеру.

• Материалдық құндылықтарды сақтау орындарына қолмен немесе механизмдердің көмегімен тасымалдау, оларды түрлері, сапасы, мақсаты және басқа да белгілері бойынша орналастыру (сұрыптау).

• Материалдар мен өнімдердің бүлінуі мен жоғалуын болдырмау мақсатында олардың сақталуын ұйымдастыру.

• Тұтынушылардың өтінімдері бойынша материалдық құндылықтар топтамаларын жинақтау.

• Жарамсыз құралдарға, аспаптарға және т.б. ақау ведомостарын, оларды жөндеу және есептен шығару актілерін, сондай-ақ материалдардың жетіспеушілігі мен бүлінуі бойынша актілерді жасау.

• Қоймада сақталатын материалдық құндылықтардың есебін жүргізу және олардың қозғалысы бойынша есептік құжаттаманы рәсімдеу.

• Түгендеу жұмыстарын жүргізуге қатысу.

• Материалдық құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ету.

• Қызметкерлер санаттары бойынша жұмыс уақытын пайдалану табелін және жұмыс уақыты балансын дұрыс жасау.

• Жұмысшылар мен қызметкерлердің кәсіпорында нақты болған уақытын анықтау мақсатында табельдік есеп жүргізу.

• Табельге тиісті белгілер қою және күн сайын жұмысқа келу, кешігу және жұмысқа келмеу жағдайлары мен олардың себептері көрсетілген рапорттар (мәліметтер) жасау.

• Қызметкерлер құрамының есебін жүргізу.

• Қызметкерлерді жұмысқа қабылдау, ауыстыру, жұмыстан босату, демалыс беру және басқа да кадрлық рәсімдерге байланысты өзгерістерді жүйелі түрде енгізу.

• Қызметкерлердің уақытша еңбекке жарамсыздық парақтарын, науқасқа күтім жасау жөніндегі анықтамаларды және жұмыста болмауға құқық беретін өзге де құжаттарды уақытылы ұсынуын бақылау.

• Еңбекақы төлеуге және цех қызметкерлерінің санаттары бойынша жұмыс уақыты балансын пайдалануға байланысты жұмыстарға қатысу.

• Белгіленген тәртіппен нақты жұмыс істеген уақыт, үстеме жұмыс сағаттары, еңбек тәртібін бұзу фактілері және басқа да мәліметтер көрсетілген табельдерді ұсыну.

• Компьютерде жұмыс істеу, табельдік есеп кестелерін және цех қызметкерлерінің тізімдерін рәсімдеу жұмыстарын орындау.

• Бухгалтериядан жалақыны есептеу бойынша есеп айырысу парақтарын алып, құпиялылық талаптарын сақтай отырып, цех қызметкерлеріне тарату.

• Қоймада сақталатын материалдық құндылықтардың номенклатурасын, түрлерін, ассортиментін, қасиеттері мен мақсаттарын білу.

Жұмыс процесінде қызметкер міндетті:

• Ішкі еңбек тәртібі қағидаларын сақтау;

• Жұмыс орнын таза ұстау, жеке қорғаныш құралдарын, ұжымдық қорғаныс құралдарын, құрылғыларды, құрал-саймандарды, бақылау және қауіпсіздік аспаптарын еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сәйкес дұрыс әрі тек мақсаты бойынша пайдалану;

• Қауіпсіз еңбек тәсілдерін қолдану, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын және жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі нұсқаулықтарды сақтау;

• Басқа қызметкерлердің мінез-құлқына және олардың жеке қауіпсіздік шараларын сақтауына назар аудару, оларға қауіпсіз еңбек тәсілдерін қолдану, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік, өндірістік санитария талаптарын сақтау қажеттігін ескерту;

• Жабдықтардың, құрал-саймандардың, құрылғылардың ақаулары, қауіпсіздік талаптарының бұзылуы, авариялық жағдайлар, жазатайым оқиғалар мен аурулар (уланулар) туралы тікелей басшысына дереу хабарлау;

• Адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін қауіпті немесе авариялық жағдай туындаған кезде бұл туралы дереу тікелей немесе жоғары тұрған басшысына хабарлау;

• Аварияларды жою жоспарына сәйкес қажетті шараларды қабылдау, авариялық жағдайдың өршуін шектеу және оны жою жұмыстарын жүргізу.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Озат)
  • Орыс тілі (Озат)