«ҚТЖ» ҰК» АҚ - «Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі» филиалы Қандыағаш жол дистанциясы №3 өндірістік учаскесі жол учаскесінің бастығы
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттері:
- Бекітілген учаске бойынша теміржол жолдарын, бағыттамалық бұрмаларды, жер төсемдерін, инженерлік құрылыстар мен жол құрылғыларын, рельстерді, шпалдарды, брустарды (оның ішінде көпір брустарын), рельстік бекітпелерді, рельстік тізбектерді толық тексереді және олардың жай-күйін ПУ-28, ПУ-29 кітаптарына тіркейді, сондай-ақ қардан қорғайтын қоршаулар мен мал өтпеуіне арналған қоршаулардың жағдайын бақылайды;
- Станция бастығымен және СЦБ электр механигімен бірлесіп бағыттамалық бұрмаларды, оның ішінде бұрма жетектерін, бағыттама арматурасын және жол құрылғыларын тексереді;
- Жол бригадаларының жұмыстарды орындау сапасын, технологиялық талаптар мен ережелердің сақталуын, қозғалыс қауіпсіздігі және жеке қауіпсіздік талаптарының орындалуын бақылайды;
- Ағаш және темірбетон шпалдарды, көпір және бағыттамалық брустарды толық көлемде тексереді;
- Рельстік тізбектердің жағдайын, оның ішінде оқшаулағыш түйіспелердің, тартқыш жолақтардың, сырғалардың және басқа да элементтердің жарамдылығын тексереді;
- СЦБ электр механигімен бірлесіп электр қозғалтқышы жұмыс істеп тұрған кезде бағыттама үшкірінің және айқастырманың жылжымалы өзекшесінің электр жетегіндегі ауыстыру күшін өлшейді;
- СЦБ электр механигімен бірге жылжымалы өзекшенің жұмыс тартпасының жай-күйін (оны шешіп алу немесе дефектоскопия әдісі арқылы) тексеріп, металдың шаршауынан пайда болатын жарықтарды анықтайды;
- СЦБ электр механигімен және станция кезекшісімен бірлесіп металл жапсырмалары бар оқшаулағыш түйіспелерді бөлшектеп тексереді, бүлінген және тозған оқшаулағыш бөлшектерді ауыстырады. Композитті жапсырмалары бар оқшаулағыш түйіспелер де бөлшектеліп, пайдалану кезіндегі зақымдардың бар-жоғына тексеріледі; мұндай зақымдар анықталған жағдайда жапсырмалар ауыстырылады;
- СЦБ электр механигімен немесе механикаландырылған сұрыптау дөңесінің маманымен бірлесіп:
- бағыттама үшкірі мен рамалық рельс (немесе жылжымалы өзекше мен мұртша рельс) арасына қалыңдығы 4 мм қалып салынған кезде бағыттаманың оң және теріс қалыпта құлыпталмауын тексереді;
- бағыттамалардың автоматты түрде ауысу қабілетін тексереді;
- сұрыптау дөңесіндегі баяулатқыштардың кіреберісі мен шыға берісіндегі жолтабан енін өлшейді;
- Үздіксіз дәнекерленген жолдағы сынған рельс тізбегін уақытша қалпына келтіру жұмыстарын басқарады: ақаулы бөлікті кесіп алып, оның орнына жапсырмалары мен толық болттар жиынтығы бар рельс орнатады;
- Рельс жолтабанының тұтастығын бұзбай саңылауларды реттеу және жылжыту жұмыстарын орындайды.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
- Мамандығы: Құрылыс (Теміржол құрылысы, жол және жол шаруашылығы); Көлік құрылысы; Көлік, көлік техникасы және технологиялары (Жүк көтергіш-көліктік, құрылыс және жол машиналары мен жабдықтары).
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бағыты бойынша кемінде 3 жыл.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр